Хадис

Кутуб ситтә, № 3064

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
412. Жаназа намазы
Нөмірі
№ 3064 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 8
3064
Кутуб ситтә, № 3064 · тараудағы реті: 8Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

وَعَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: إِذَا صَلَّيْتُمْ عَلَى الْمَيِّتِ فَأَخْلِصُوا لَهُ الدُّعَاءَ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) айтты: «Алла елшісі (с.а.с.) “Марқұмның жаназа намазын оқығанда, ол үшін шын ықыласпен дұға етіңдер”, – деді».1

Түсіндірме

Марқұмға дұға еткенде, сол дұғаның оған пайдасы тиеді деген сеніммен, шын ықыласпен тілеу керек. Хадистегі сөз жалпы айтылғандықтан, марқұм ізгі кісі болса да, күнәһар болса да үкім бірдей. Талғамай, әрқайсысы үшін дұға ету керек. Ғалымдар: «Күнәһар кісі мұсылман бауырының дұғасы мен шапағатына көбірек мұқтаж. Мәйітті жұрт алдына қоюдың бір мәні де осы», – деп түсіндіреді.

  1. 1Әбу Дәуіт, «Жанаиз», 60 (3199); Ибн Мәжа, «Жанаиз», 23 (1497).