وَعَنْ رَافِعِ بْنِ خَدِيجٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: «أَفْطَرَ الْحَاجِمُ وَالْمَحْجُومُ». أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ وَحَسَّنَهُ، وَأَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ عَنْ ثَوْبَانَ وَعَنْ شَدَّادِ بْنِ أَوْسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا. وَمَعْنَى «أَفْطَرَ الْحَاجِمُ وَالْمَحْجُومُ» عِنْدَ مَنْ ذَهَبَ إِلَى أَنَّ الْحِجَامَةَ لَا تُفْطِرُ أَنَّهُمَا تَعَرَّضَا لِلْإِفْطَارِ. أَمَّا الْمَحْجُومُ فَلِلضَّعْفِ الَّذِي يَلْحَقُهُ مِنْ ذَلِكَ وَنَحْوِهِ، وَأَمَّا الْحَاجِمُ فَلَا يَأْمَنُ وُصُولَ شَيْءٍ مِنْ دَمِ الْمَحْجُومِ إِلَى حَلْقِهِ فَيَبْلَعَهُ، وَنَحْوُ ذَلِكَ.
Рафиғ ибн Хадиж (р.а.) Алла елшісінің: «Хижама жасағанның да, жасатқанның да оразасы бұзылды»1, – деген сөзін жеткізген.
Түсіндірме
Хадистің сыртқы мағынасына қарағанда, хижама жасаған да, жасатқан да оразасын бұзған болып саналады. Ахмад ибн Ханбал бастаған бірқатар ғалым осыған сүйеніп үкім берген. Өзге ғалымдар хижаманың өзі оразаны бұзбайтынын, хадис екі адамға да төнетін қатерді меңзейтінін айтады. Қан алдырған адам әлсіреп, аузын ашуға мәжбүр болуы мүмкін. Ал қан алған адамның тамағына қан кетуі немесе қанның дәмі жетуі ықтимал. Өзін қатерге тіккен кісі жайлы «Өзін құрдымға жіберді» дейміз. «Қазы болған адам пышақсыз сойылды» деген сөз де қазылықтың қатерін білдіреді. Хадистегі тіркес те қан алу мен қан алдырудың қатеріне назар аудартады.
- 1Тирмизи, «Саум», 60 (№ 774). Тирмизи Рафиғ ибн Хадиждің риуаятын хасан деп бағалаған. Әбу Дәуіт, «Саум», 28 (№ 2367, Сәубан және № 2368–2369, Шаддад ибн Әус). Ибн Мәжа, «Саум», 18 (№ 1679–1681).