وَفِي أُخْرَى عَنْ عُبَادَةَ بْنِ الصَّامِتِ: «إِذَا اخْتَلَفَتْ هَذِهِ الْأَصْنَافُ فَبِيعُوا كَيْفَ شِئْتُمْ إِذَا كَانَ يَدًا بِيَدٍ». أَخْرَجَهُ مُسْلِمٌ وَأَبُو دَاوُدَ وَالتِّرْمِذِيُّ وَالنَّسَائِيُّ وَابْنُ مَاجَهْ بِأَلْفَاظٍ مُخْتَلِفَةٍ.
Убада ибн әс-Самиттен (р.а.) жеткен тағы бір нұсқада: «Бұл тауарлар әртүрлі болса, қолма-қол айырбастау шартымен қалаған мөлшерде сатыңдар», – делінеді1.
Түсіндірме
№334 хадистің түсіндірмесіне мына жайтты қосуға болады. Риба үкімінің негізі (иллаты) ортақ болмаса, тауарларды әртүрлі мөлшерде де, төлемін кейінге қалдырып та сатуға болады. Мысалы, ғалымдар алтынға бидай, күміске арпа сатып алуға болатынына келіскен. Ал рибаға жататын біртекті тауарлар айырбасталса, мөлшері тең болып, екеуі де қолма-қол табысталуы керек. Сатушы төлемін, сатып алушы тауарын алмай тұрып сауда орнынан кетпейді. Тауарлардың түрі бөлек, үкімінің негізі ортақ болса, қолма-қол айырбас кезінде мөлшері әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы, бидай мен арпаны бөлек түр деп есептейтін ғалымдардың пікірінше, бір өлшем бидайды екі өлшем арпаға айырбастауға болады.
- 1Мүслим, «Мусақат», 81 (№1587c). Мағыналас нұсқалар: Әбу Дәуіт, «Сауда» (№3349–3350), Тирмизи, «Сауда» (№1240), Нәсәи, «Сауда» (№4560–4566), Ибн Мәжа, «Сауда» (№2254).