وَعَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «كُنْتُ أَبِيعُ الْإِبِلَ بِالْبَقِيعِ، فَأَبِيعُ بِالدَّنَانِيرِ فَآخُذُ مَكَانَهَا الْوَرِقَ، وَأَبِيعُ بِالْوَرِقِ فَآخُذُ مَكَانَهَا الدَّنَانِيرَ. فَأَتَيْتُ رَسُولَ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ فَوَجَدْتُهُ خَارِجًا مِنْ بَيْتِ حَفْصَةَ، فَسَأَلْتُهُ عَنْ ذَلِكَ، فَقَالَ: لَا بَأْسَ بِهِ بِالْقِيمَةِ». أَخْرَجَهُ أَصْحَابُ السُّنَنِ.
Қазақша аудармасы
Ибн Омар (р.а.) былай дейді: «Бақиғта түйе сататынмын. Бағасы динармен белгіленсе, орнына күміс дирһам, ал күміс дирһаммен белгіленсе, орнына динар алатынмын. Алла елшісіне (с.а.с.) барғанымда, ол Хафсаның үйінен шығып келе жатыр екен. Осы жайды сұрағанымда: “Сол сәттегі құнына сай алсаң, оқасы жоқ”, – деді»1.
- 1Тирмизи, «Сауда-саттық», №1242. Әбу Дәуіт, «Сауда-саттық», №3354–3355. Нәсәи, «Сауда-саттық», №4582, №4589. Ибн Мәжа, «Сауда-саттық», №2262.