وَعَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَالَ: «تُعْرَضُ الْأَعْمَالُ عَلَى اللَّهِ تَعَالَى يَوْمَ الِاثْنَيْنِ وَالْخَمِيسِ، فَأُحِبُّ أَنْ يُعْرَضَ عَمَلِي وَأَنَا صَائِمٌ». أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ.
Әбу Һурайра (р.а.) Алла елшісінің: «Амалдар дүйсенбі және бейсенбі күндері Аллаға ұсынылады. Амалымның ораза ұстаған кезімде ұсынылуын қалаймын», – дегенін жеткізген.1
Түсіндірме
Ибн әл-Мәләк: «Бұл риуаят “Түнгі амал күндізгі амалдан бұрын, күндізгі амал түнгі амалдан бұрын көтеріледі” деген хадиске қайшы келмейді. Амалдың көтерілуі мен ұсынылуы – екі бөлек іс. Бір аптаның амалдары жиналып, осы екі күнде ұсынылады. Мүслимдегі хадисте адамдардың амалдары аптасына екі рет, дүйсенбі мен бейсенбіде ұсынылатыны айтылған. Алла Өзіне серік қоспайтын құлдарының күнәсін кешіреді. Мұсылман бауырымен араздасқан адам ғана бұл кешірімнен құр қалады. Алла: “Мына екеуін татуласқанша қоя тұрыңдар”, – дейді», – деген.
Ибн Хажар бұл риуаят шағбан айында амалдар көтерілетінін айтқан № 3156 хадиске де қайшы келмейді дейді. Апталық амалдар бөлек, ал жылдық амалдар тұтас көтеріледі.
- 1Тирмизи, «Саум», 44, (747).