وَلِلشَّيْخَيْنِ عَنِ ابْنِ مَسْعُودٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «هُوَ الْمُعْتَرِضُ، وَلَيْسَ بِالْمُسْتَطِيلِ».
Бұхари мен Мүслім Ибн Мәсғудтан (р.а.) жеткізген риуаятта Алла Елшісі (с.а.с.) шынайы таңды былай сипаттаған: «Ол – тік көтерілген жарық емес, көкжиекке көлденең жайылған жарық».1
«لَا يَهِيدَنَّكُمْ»: أَيْ لَا يُزْعِجْكُمُ الْفَجْرُ الْمُسْتَطِيلُ، فَإِنَّهُ الصُّبْحُ الْكَذَّابُ، فَلَا تَمْتَنِعُوا بِهِ عَنِ الْأَكْلِ وَالشُّرْبِ.
Түсіндірме
Бұл хадис жалған таң мен шынайы таңның айырмасын ашады. Жалған таң көкжиектен тік көтерілген жарық болып көрінеді. Ол сейілген соң шығыс көкжиегіне жарық көлденең жайылады. Шынайы таң осылай атып, төңірек біртіндеп жарықтанады.
Демек, тік көтерілген жарық көрінген мезгіл әлі түнге жатады. Ол кезде шынайы таң атпағандықтан, сәресі іше беруге болады.
- 1Бұхари, «Азан», 13, «Талақ», 24, «Хабар әл-уахид», 1. Мүслим, «Сиям», №1093. Әбу Дәуіт, «Саум», №2347. Нәсәи, «Саум», 30 (4/148).