Хадис

Кутуб ситтә, № 3310

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
449. Үммі Зарғ хадисі
Нөмірі
№ 3310 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 6
3310
Кутуб ситтә, № 3310 · тараудағы реті: 6Риуаят етуші: Әбу Сағид (р.а.)

وَعَنْ أَبِي سَعِيدٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: إِنَّ مِنْ أَعْظَمِ الْأَمَانَةِ عِنْدَ اللَّهِ يَوْمَ الْقِيَامَةِ الرَّجُلُ يُفْضِي إِلَى امْرَأَتِهِ، وَالْمَرْأَةُ تُفْضِي إِلَى زَوْجِهَا ثُمَّ يَنْشُرُ أَحَدُهُمَا سِرَّ صَاحِبِهِ». أَخْرَجَهُ مُسْلِمٌ وَأَبُو دَاوُدَ.

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид (р.а.) жеткізеді: «Алла Елшісі (с.а.с.) былай деді: “Қиямет күні Алланың алдында ең зор аманаттардың бірі – ерлі-зайыптылардың жақындықта білген сыры. Содан кейін олардың бірінің екіншісінің сырын жаюы – сол аманатқа қиянат”»1.

Түсіндірме

Хадистегі أَفْضَى إِلَى тіркесі бұл жерде ерлі-зайыптылардың жыныстық жақындығын білдіреді. Ердің де, әйелдің де арадағы сырды өзгелерге жаюына тыйым салынған. Мұндай іс адамгершілікке де жат.

  1. 1Мүслим, «Неке», 123 (1437). Әбу Дәуіт, «Әдеп», 37 (4870).