وَعَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: شَمِّتْ أَخَاكَ ثَلَاثًا فَمَا زَادَ فَهُوَ زُكَامٌ. أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.
Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен риуаятта Алла Елшісі (с.а.с.) «Бауырыңа үш рет “Ярхамукаллаһ” де. Одан артық түшкірсе, оған суық тиген» деген.1
Түсіндірме
Риуаятта түшкірген кісіге үш рет дұға ету айтылған. Одан әрі түшкірсе, суық тигенінің белгісі деп есептелген. Тирмизидегі нұсқада «Түшкірген кісіге үш рет дұға ет. Одан кейін қаласаң айт, қаламасаң айтпа» делінген.
Кейбір риуаяттарда «Үш реттен артық түшкірсе, оған суық тиген. Енді оған ‘Ярхамукаллаһ’ деме» делінген. Шарх жазған ғалымдар осы нұсқаны күштірек, Тирмизидегі риуаятты әлсіз деп бағалаған. Сондықтан үш реттен артық түшкірсе, дұға сөзін қайталамаған дұрыс деген.
- 1Әбу Дәуіт, «Әдеп», 100 (5034–5036). Тирмизи, «Әдеп», 5 (2744). Ибн Мәжа, «Әдеп», 20 (3714).