Хадис

Кутуб ситтә, № 3610

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
483. Дәреттің сипаттамасы
Нөмірі
№ 3610 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 23
3610
Кутуб ситтә, № 3610 · тараудағы реті: 23Риуаят етуші: Сәубан (р.а.)

وَعَنْ ثَوْبَانَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «بَعَثَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ سَرِيَّةً فَأَصَابَهُمُ الْبَرْدُ، فَلَمَّا قَدِمُوا عَلَىٰ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ أَمَرَهُمْ أَنْ يَمْسَحُوا عَلَى الْعَصَائِبِ وَالتَّسَاخِينِ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ. «الْعَصَائِبُ»: الْعَمَائِمُ؛ لِأَنَّ الرَّأْسَ يُعْصَبُ بِهَا. وَ«التَّسَاخِينُ»: الْخِفَافُ، لَا وَاحِدَ لَهَا.

Қазақша аудармасы

Сәубан (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) бір жасақ жіберді. Сарбаздар суыққа ұрынды. Алла елшісіне (с.а.с.) қайтып келгендерінде, ол оларға сәлделері мен мәсілерінің үстінен мәсіх тартуды бұйырды».1

  1. 1Әбу Дәуіт, «Таһарат» (146).