Хадис

Дәретке жұмсалатын судың мөлшері

Кутуб ситтә, 8-том, 490-тарау · 5 хадис · № 3641–3645

Хадистер

3641
Кутуб ситтә, № 3641 · тараудағы реті: 1Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يَغْتَسِلُ بِالصَّاعِ إِلَىٰ خَمْسَةِ أَمْدَادٍ، وَيَتَوَضَّأُ بِالْمُدِّ». وَفِي رِوَايَةٍ: «بِخَمْسَةِ مَكَاكِيكَ، وَيَتَوَضَّأُ بِمَكُّوكٍ». وَفِي أُخْرَىٰ: «بِخَمْسِ مَكَاكِيَّ». أَخْرَجَهُ الْخَمْسَةُ، وَهَذَا لَفْظُ الشَّيْخَيْنِ. وَفِي رِوَايَةِ التِّرْمِذِيِّ: «إِنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: يُجْزِئُ فِي الْوُضُوءِ رِطْلَانِ مِنْ مَاءٍ». وَعِنْدَ أَبِي دَاوُدَ: «وَكَانَ يَتَوَضَّأُ بِإِنَاءٍ يَسَعُ رِطْلَيْنِ، وَيَغْتَسِلُ بِالصَّاعِ». «الْمَكُّوكُ»: الْمُدُّ.

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) бір сағтан бес муддқа дейінгі сумен ғұсыл құйынатын, ал бір мудд сумен дәрет алатын».

Басқа риуаятта: «Бес мәккук сумен ғұсыл құйынып, бір мәккук сумен дәрет алатын», – делінген.

Тағы бір риуаятта «бес мәкәки» деп берілген.

Тирмизидің риуаятында Алла елшісінің (с.а.с.): «Дәретке екі ритл су жеткілікті», – дегені айтылады.

Әбу Дәуіттің риуаятында: «Алла елшісі (с.а.с.) екі ритл су сиятын ыдыспен дәрет алып, бір сағ сумен ғұсыл құйынатын», – делінеді.1

Түсіндірме

1. Хадисте Алла елшісінің (с.а.с.) дәретке және ғұсылға жұмсаған су мөлшері көрсетілген. Бұл өлшемдер қазір қолданылмайды. Бұрын да олардың шамасы өңірге қарай өзгеріп отырған. Сондықтан оларды бүгінгі литрмен не граммен дәл беру қиын.

Ритл, мудд және мәккуктың айырмасына тоқталмас бұрын екі есепті келтірейік. Шафиғи ғалымдарының есебінше, Алла елшісі (с.а.с.) дәретке шамамен 530 грамм, яғни жарты литрден сәл артық су жұмсаған. Ханафи ғалымдарының есебінде ол бір литр шамасында. Ғұсылға жұмсалған су шафиғилердің есебінде 2,12–2,65 литр, ханафилердің есебінде 4,24–5,3 литр шамасында.

2. Хадис Алла елшісінің (с.а.с.) әр кезде әртүрлі мөлшердегі сумен дәрет алғанын көрсетеді. Дәрет суын бір көлеммен шектеудің қажеті жоқ. Ысырап етпей, жеткілікті мөлшерде қолданса болғаны.

  1. 1Бұхари, «Дәрет» (201). Мүслим, «Хайыз» (325). Әбу Дәуіт, «Таһарат» (95). Тирмизи, «Салат» (609). Нәсәи, «Таһарат» (73).
3642
Кутуб ситтә, № 3642 · тараудағы реті: 2Риуаят етуші: Сәфина (р.а.)

وَعَنْ سَفِينَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يُغَسِّلُهُ الصَّاعُ مِنَ الْمَاءِ مِنَ الْجَنَابَةِ، وَيُوَضِّئُهُ الْمُدُّ». أَخْرَجَهُ مُسْلِمٌ وَالتِّرْمِذِيُّ.

Қазақша аудармасы

Сәфина (р.а.) былай дейді: «Алла елшісіне (с.а.с.) жүніптіктен ғұсыл құйынуға бір сағ су, дәрет алуға бір мудд су жететін».1

  1. 1Мүслим, «Хайыз» (326). Тирмизи, «Таһарат» (56).
3643
Кутуб ситтә, № 3643 · тараудағы реті: 3

وَعَنْ أُمِّ عُمَارَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا: «أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ تَوَضَّأَ، فَأُتِيَ بِإِنَاءٍ فِيهِ مَاءٌ قَدْرُ ثُلُثَيِ الْمُدِّ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ وَالنَّسَائِيُّ. وَزَادَ: «قَالَ شُعْبَةُ: فَأَحْفَظُ أَنَّهُ غَسَلَ ذِرَاعَيْهِ، وَجَعَلَ يَدْلُكُهُمَا، وَيَمْسَحُ أُذُنَيْهِ بَاطِنَهُمَا، وَلَا أَحْفَظُ أَنَّهُ مَسَحَ ظَاهِرَهُمَا».

Қазақша аудармасы

Үммі Амара (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) дәрет алмақ болды. Оған ішінде муддтың үштен екісіндей суы бар ыдыс әкелінді».1

Нәсәи Шуғбаның мына сөзін де келтіреді: «Екі білегін жуып, ысқылағаны және құлақтарының ішіне мәсіх тартқаны есімде. Құлақтарының сыртына мәсіх тартқаны есімде жоқ».

  1. 1Әбу Дәуіт, «Таһарат» (94). Нәсәи, «Таһарат» (74).
3644
Кутуб ситтә, № 3644 · тараудағы реті: 4Риуаят етуші: Абдулла ибн Зәйд (р.а.)

وَعَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ زَيْدٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «جَاءَنَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ فَأَخْرَجْنَا لَهُ مَاءً فِي تَوْرٍ مِنْ صُفْرٍ فَتَوَضَّأَ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Зәйд (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) бізге келді. Оған мыс ыдыспен су әкелдік. Ол сол сумен дәрет алды».1

Түсіндірме

Хадис түсі алтынға ұқсайтын сары мыс не қола ыдыспен дәрет алуға болатынын көрсетеді. Араб тіліндегі «суфр» сөзі мыс пен қоланы білдіреді.

  1. 1Әбу Дәуіт, «Таһарат» (100).
3645
Кутуб ситтә, № 3645 · тараудағы реті: 5Риуаят етуші: Убәй ибн Кәғб (р.а.)

وَعَنْ أُبَيِّ بْنِ كَعْبٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: إِنَّ لِلْوُضُوءِ شَيْطَانًا يُقَالَ لَهُ الْوَلْهَانُ فَاتَّقُوا وَسْوَاسَ الْمَاءِ». أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ.

Қазақша аудармасы

Үбәй ибн Кәғб (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.): “Дәретте уәсуәс салатын шайтан бар. Оны Уәлһан дейді. Суға қатысты уәсуәстан сақтаныңдар”, – деді».1

Түсіндірме

1. Алла елшісі (с.а.с.) дәрет алғанда уәсуәс пен алаңғасарлыққа жол бермеуге үндейді. Ойы басқа жақта жүрген кісі дәрет мүшелеріне суды толық тигізбей қалуы, неше рет жуғанынан жаңылуы немесе кейбір мүшесін жууды ұмытуы мүмкін. Хадис осы селқостықтан сақтануға шақырады. Дәретті намаз басталмай тұрып алған жөн. Кей адам намаз басталып кеткенде ғана асығыс дәрет алып, жамағатқа үлгеруге тырысады. Асыққан кісі судың қайда шашырағанына да қарамайды. Содан су ысырап болып, айнала былғанады. Аяғын құрғатпай аяқ киім киген адамның аяғынан суық өтіп, сырқаттанып қалуы мүмкін.

Бұл олқылықтарды «су шайтаны» деген атаумен бейнелеудегі мақсат дәреттің маңызын аңғарту болса керек. Мұндай іске селқос қарауға болмайды.

2. Ғалымдар бұл хадисті дәретте суды ысырап етпеуге де дәлел ретінде келтіреді.

Ислам ғалымдары өзен жағасында дәрет алса да, суды ысырап етпеу керек дегенге бірауыздан келіскен.

  1. 1Тирмизи, «Таһарат» (57).