عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يَغْتَسِلُ بِالصَّاعِ إِلَىٰ خَمْسَةِ أَمْدَادٍ، وَيَتَوَضَّأُ بِالْمُدِّ». وَفِي رِوَايَةٍ: «بِخَمْسَةِ مَكَاكِيكَ، وَيَتَوَضَّأُ بِمَكُّوكٍ». وَفِي أُخْرَىٰ: «بِخَمْسِ مَكَاكِيَّ». أَخْرَجَهُ الْخَمْسَةُ، وَهَذَا لَفْظُ الشَّيْخَيْنِ. وَفِي رِوَايَةِ التِّرْمِذِيِّ: «إِنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: يُجْزِئُ فِي الْوُضُوءِ رِطْلَانِ مِنْ مَاءٍ». وَعِنْدَ أَبِي دَاوُدَ: «وَكَانَ يَتَوَضَّأُ بِإِنَاءٍ يَسَعُ رِطْلَيْنِ، وَيَغْتَسِلُ بِالصَّاعِ». «الْمَكُّوكُ»: الْمُدُّ.
Әнәс (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) бір сағтан бес муддқа дейінгі сумен ғұсыл құйынатын, ал бір мудд сумен дәрет алатын».
Басқа риуаятта: «Бес мәккук сумен ғұсыл құйынып, бір мәккук сумен дәрет алатын», – делінген.
Тағы бір риуаятта «бес мәкәки» деп берілген.
Тирмизидің риуаятында Алла елшісінің (с.а.с.): «Дәретке екі ритл су жеткілікті», – дегені айтылады.
Әбу Дәуіттің риуаятында: «Алла елшісі (с.а.с.) екі ритл су сиятын ыдыспен дәрет алып, бір сағ сумен ғұсыл құйынатын», – делінеді.1
Түсіндірме
1. Хадисте Алла елшісінің (с.а.с.) дәретке және ғұсылға жұмсаған су мөлшері көрсетілген. Бұл өлшемдер қазір қолданылмайды. Бұрын да олардың шамасы өңірге қарай өзгеріп отырған. Сондықтан оларды бүгінгі литрмен не граммен дәл беру қиын.
Ритл, мудд және мәккуктың айырмасына тоқталмас бұрын екі есепті келтірейік. Шафиғи ғалымдарының есебінше, Алла елшісі (с.а.с.) дәретке шамамен 530 грамм, яғни жарты литрден сәл артық су жұмсаған. Ханафи ғалымдарының есебінде ол бір литр шамасында. Ғұсылға жұмсалған су шафиғилердің есебінде 2,12–2,65 литр, ханафилердің есебінде 4,24–5,3 литр шамасында.
2. Хадис Алла елшісінің (с.а.с.) әр кезде әртүрлі мөлшердегі сумен дәрет алғанын көрсетеді. Дәрет суын бір көлеммен шектеудің қажеті жоқ. Ысырап етпей, жеткілікті мөлшерде қолданса болғаны.
- 1Бұхари, «Дәрет» (201). Мүслим, «Хайыз» (325). Әбу Дәуіт, «Таһарат» (95). Тирмизи, «Салат» (609). Нәсәи, «Таһарат» (73).