وَلِمُسْلِمٍ فِي أُخْرَىٰ قَالَ: «سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: تَبْلُغُ الْحِلْيَةُ مِنَ الْمُؤْمِنِ حَيْثُ يَبْلُغُ الْوُضُوءُ».
Мүслимнің басқа риуаятында Әбу Һурайра (р.а.): «Алла елшісінің (с.а.с.) “Мүміннің әшекейі дәрет суы тиген жерге дейін жетеді” дегенін естідім», – дейді.1
«الْغُرَّةُ وَالتَّحْجِيلُ»: بَيَاضٌ فِي وَجْهِ الْفَرَسِ وَقَوَائِمِهِ، وَذَلِكَ مِمَّا يُحَسِّنُهُ وَيُزَيِّنُهُ، فَاسْتَعَارَهُ لِلْإِنْسَانِ، وَجَعَلَ أَثَرَ الْوُضُوءِ فِي الْوَجْهِ وَالْيَدَيْنِ وَالرِّجْلَيْنِ كَالْبَيَاضِ الَّذِي هُوَ لِلْفَرَسِ.
Түсіндірме
1. Алла елшісі (с.а.с.) мұнда дәреттің артықшылығын баяндайды. Ақыретте дәрет алған мұсылман нұрға бөленеді. Бұл нұр аттың маңдайындағы қасқаға және аяқтарындағы ақ белгіге ұқсатылған. Араб тілінде маңдайдағы ақ белгі «ғурра», аяқтағысы «тахжил» деп аталады. Аяғында ақ белгісі бар атты «мухажжал» дейді.
Қиямет күні дәрет алғандардың жүздері, қолдары мен аяқтары жарқырап тұратыны айтылады.
2. Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте бұл нұрды арттыруға болатыны айтылады. Ол қолын иығына жуық жерге, аяғын сирағына дейін жуған. Алайда кей ғалымдар бұлай жуу нұрды арттырады деген пікірге қосылмаған.
3. Хадистегі «Мүмкіндігі бар кісі нұрын арттырсын» деген сөзді кей ғалымдар Алла елшісінің (с.а.с.) сөзіне емес, Әбу Һурайраның сөзіне жатқызған. Сондықтан олар қол-аяқтың жуылатын шегін кеңейтуді қажет көрмеген.
4. Халими Әбу Һурайраның хадисіне сүйеніп, дәрет осы үмбетке тән деген. Алла елшісінің (с.а.с.) «Бұл – менің және маған дейінгі пайғамбарлардың дәреті» деген сөзін еске салғандарға ол: «Мұнда үмбеттер туралы айтылмаған. Дәрет барлық пайғамбарға және Мұхаммедтің үмбетіне тән», – деп жауап берген. Алайда Ибраһимнің (а.с.) жұбайы Сара мен Бәни Исраил ұрпағынан Журайж туралы қиссаларда да дәрет алып, намаз оқығаны айтылады. Осы деректерге сүйенген ғалымдар осы үмбетке тән нәрсе дәреттің өзі емес, одан пайда болатын нұр деп тұжырымдаған.
- 1Бұхари, «Дәрет» (136). Мүслим, «Таһарат» (246, 250). Нәсәи, «Таһарат», 110 (1/94–95).