Хадис

Кутуб ситтә, № 408

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
50. № 407–408 хадистер
Нөмірі
№ 408 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 2
408
Кутуб ситтә, № 408 · тараудағы реті: 2Риуаят етуші: Жәбир (р.а.)

وَعَنْ جَابِرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: إِنْ بِعْتَ مِنْ أَخِيكَ تَمْرًا فَأَصَابَتْهُ جَائِحَةٌ فَلَا يَحِلُّ لَكَ أَنْ تَأْخُذَ مِنْهُ شَيْئًا، بِمَ تَأْخُذُ مَالَ أَخِيكَ بِغَيْرِ حَقٍّ؟». أَخْرَجَهُ مُسْلِمٌ وأَبُو دَاوُدُ وَالنَّسَائِيُّ. وَفِي رِوَايَةٍ: أَمَرَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ بِوَضْعِ الْجَوَائِحِ.

Қазақша аудармасы

Жәбир (р.а.) Алла елшісінің (с.а.с.) былай дегенін жеткізген: «Бауырыңа құрма сатсаң, оған апат тиіп, өнімі бүлінсе, одан ақы алуың адал болмайды. Бауырыңның малын қандай ақымен аласың?»1

Басқа бір риуаятта: «Алла елшісі (с.а.с.) апаттан бүлінген өнімнің ақысын алып тастауды бұйырды», – делінген.2

  1. 1Мүслим, Мусақат: 14, (1554); Әбу Дәуіт, Ижәра: 60 (3470).
  2. 2Мүслим, Мусақат: 17 (1554c).