Хадис

Дәрет алуды қажет етпейтін жағдайлар

Кутуб ситтә, 8-том, 501-тарау · 6 хадис · № 3682–3687

Хадистер

3682
Кутуб ситтә, № 3682 · тараудағы реті: 1Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا: «أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ أَكَلَ كَتِفَ شَاةٍ وَصَلَّىٰ، وَلَمْ يَتَوَضَّأْ». أَخْرَجَهُ السِّتَّةُ إِلَّا التِّرْمِذِيَّ، وَهَذَا لَفْظُ الشَّيْخَيْنِ. وَلِلْبُخَارِيِّ أُخْرَىٰ: «أَنَّهُ انْتَشَلَ عَرْقًا مِنْ قِدْرٍ». وَلِمُسْلِمٍ: «أَنَّهُ انْتَهَشَ مِنْ كَتِفٍ، ثُمَّ صَلَّىٰ وَلَمْ يَتَوَضَّأْ». «انْتَشَلَ الْعَرْقَ»: أَخَذَهُ بِيَدِهِ مِنَ الْقِدْرِ. وَ«الْعَرْقُ»: الْعَظْمُ إِذَا كَانَ عَلَيْهِ لَحْمٌ. وَ«انْتَهَشَ اللَّحْمَ»: بِشِينٍ مُعْجَمَةٍ وَغَيْرِ مُعْجَمَةٍ، أَخَذَهُ بِمُقَدَّمِ أَسْنَانِهِ.

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) қойдың жауырын етін жеді де, дәретін жаңартпай намаз оқыды».1

Бұхаридің басқа нұсқасында: «Қазаннан қолымен етті сүйек алды», – делінген.

Мүслимнің бір нұсқасында: «Жауырынның етін мүжіді де, дәретін жаңартпай намаз оқыды», – делінген.

  1. 1Бұхари, «Уудуғ», 50 (207), «Атғима», 18. Мүслим, «Хайыз», 91 (354). Мәлік, «Муатта», «Таһарат», 91 (1/25). Әбу Дәуіт, «Таһарат», 75 (187). Нәсәи, «Таһарат», 123 (1/108).
3683
Кутуб ситтә, № 3683 · тараудағы реті: 2Риуаят етуші: Амр ибн Умәйя әд-Дамри (р.а.)

وَعَنْ عَمْرِو بْنِ أُمَيَّةَ الضَّمْرِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ: «أَنَّهُ رَأَىٰ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَحْتَزُّ مِنْ كَتِفِ شَاةٍ بِيَدِهِ، فَدُعِيَ إِلَى الصَّلَاةِ، فَأَلْقَى السِّكِّينَ الَّتِي يَحْتَزُّ بِهَا، ثُمَّ قَامَ فَصَلَّىٰ وَلَمْ يَتَوَضَّأْ». أَخْرَجَهُ الشَّيْخَانِ وَالتِّرْمِذِيُّ، وَهَذَا لَفْظُ الشَّيْخَيْنِ.

Қазақша аудармасы

Амр ибн Умәйя әд-Дамри (р.а.) былай дейді: «Алла елшісінің (с.а.с.) қолындағы қой жауырынынан ет кесіп жатқанын көрдім. Намазға шақырылғанда, ет кескен пышағын қоя салды да, дәретін жаңартпай намазға тұрды».1

  1. 1Бұхари, «Уудуғ», 50 (208), «Азан», 43, «Жиһад», 92, «Атғима», 20, 26. Мүслим, «Хайыз», 92 (355). Тирмизи, «Атғима», 33 (1837).
3684
Кутуб ситтә, № 3684 · тараудағы реті: 3Риуаят етуші: Жәбир (р.а.)

وَعَنْ جَابِرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «خَرَجَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ وَأَنَا مَعَهُ، فَدَخَلَ عَلَى امْرَأَةٍ مِنَ الْأَنْصَارِ، فَذَبَحَتْ لَهُ شَاةً، وَأَتَتْ بِقِنَاعٍ مِنْ رُطَبٍ، فَأَكَلَ مِنْهُ، ثُمَّ تَوَضَّأَ لِلظُّهْرِ وَصَلَّىٰ، ثُمَّ انْصَرَفَ، فَأَتَتْهُ بِعُلَالَةٍ مِنْ عُلَالَةِ الشَّاةِ، فَأَكَلَ، ثُمَّ صَلَّى الْعَصْرَ وَلَمْ يَتَوَضَّأْ». أَخْرَجَهُ الْأَرْبَعَةُ، وَهَذَا لَفْظُ التِّرْمِذِيِّ. وَلِأَبِي دَاوُدَ وَالنَّسَائِيِّ قَالَ: «كَانَ آخِرُ الْأَمْرَيْنِ مِنْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ تَرْكُ الْوُضُوءِ مِمَّا غَيَّرَتِ النَّارُ». «الْقِنَاعُ»: الطَّبَقُ. وَ«الْعُلَالَةُ»: بَقِيَّةُ الشَّيْءِ.

Қазақша аудармасы

Жәбир (р.а.) былай дейді: «Алла елшісімен (с.а.с.) бірге сыртқа шықтым. Ол ансардан бір әйелдің үйіне кірді. Әйел оған қой сойып, бір табақ балғын құрма әкелді. Алла елшісі одан жеді де, бесінге дәрет алып, намаз оқыды. Намаздан кейін әйел қой етінің қалғанын әкелді. Алла елшісі одан жеп, екінті намазын дәретін жаңартпай оқыды».1

Әбу Дәуіт пен Нәсәи жеткізген нұсқада: «Алла елшісінің (с.а.с.) екі амалынан кейінгісі отқа піскен тағамнан соң дәрет алмау еді», – делінген.

  1. 1Мәлік, «Муатта», «Таһарат», 25 (1/27). Тирмизи, «Таһарат», 59 (80). Әбу Дәуіт, «Таһарат», 75 (191–192). Нәсәи, «Таһарат», 123 (1/108). Мәтін Тирмизидің нұсқасынан алынды.
3685
Кутуб ситтә, № 3685 · тараудағы реті: 4

وَعَنْ عُبَيْدِ بْنِ ثُمَامَةَ الْمُرَادِيِّ قَالَ: «قَدِمَ عَلَيْنَا مِصْرَ عَبْدُ اللَّهِ بْنُ الْحَارِثِ بْنِ جَزْءٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ مِنْ أَصْحَابِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فَسَمِعْتُهُ يُحَدِّثُ فِي مَسْجِدِ مِصْرَ، قَالَ: لَقَدْ رَأَيْتُنِي سَابِعَ سَبْعَةٍ، أَوْ سَادِسَ سِتَّةٍ، مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ فِي دَارِ رَجُلٍ، فَمَرَّ بِلَالٌ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ فَنَادَاهُ بِالصَّلَاةِ، فَخَرَجْنَا، فَمَرَرْنَا بِرَجُلٍ وَبُرْمَتُهُ عَلَى النَّارِ، فَقَالَ لَهُ النَّبِيُّ ﷺ: أَطَابَتْ بُرْمَتُكَ؟ قَالَ: نَعَمْ، بِأَبِي أَنْتَ وَأُمِّي. فَتَنَاوَلَ مِنْهَا بَضْعَةً، فَلَمْ يَزَلْ يَعْلُكُهَا حَتَّىٰ أَحْرَمَ بِالصَّلَاةِ وَأَنَا أَنْظُرُ إِلَيْهِ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.

Қазақша аудармасы

Убайд ибн Сумама әл-Муради былай дейді: «Алла елшісінің (с.а.с.) сахабасы Абдулла ибн әл-Харис ибн Жаз (р.а.) Мысырға келді. Оның Мысыр мешітінде былай дегенін естідім: “Алла елшісімен (с.а.с.) бірге бір кісінің үйінде отырған жеті кісінің жетіншісі немесе алты кісінің алтыншысы едім. Біләл келіп, оны намазға шақырды. Сыртқа шыққан соң, отқа қазан қойған бір кісіге кезіктік. Пайғамбар одан: ‘Қазаныңдағы асың пісті ме?’ – деп сұрады. Ол: ‘Иә. Әкем мен анам сізге құрбан болсын!’ – деді. Алла елшісі қазаннан бір кесек ет алып, намазға кіріскенше шайнап барды. Мен қарап тұрдым”».1

  1. 1Әбу Дәуіт, «Таһарат», 75 (193).
3686
Кутуб ситтә, № 3686 · тараудағы реті: 5

وَعَنْ سُوَيْدِ بْنِ النُّعْمَانِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «خَرَجْنَا مَعَ النَّبِيِّ ﷺ عَامَ خَيْبَرَ، حَتَّىٰ إِذَا كُنَّا بِالصَّهْبَاءِ، وَهِيَ مِنْ أَدْنَىٰ خَيْبَرَ، صَلَّىٰ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ الْعَصْرَ، فَلَمَّا صَلَّىٰ دَعَا بِالْأَطْعِمَةِ، فَلَمْ يُؤْتَ إِلَّا بِسَوِيقٍ، فَأَمَرَ بِهِ فَثُرِّيَ، فَأَكَلَ وَأَكَلْنَا، ثُمَّ قَامَ إِلَى الْمَغْرِبِ فَمَضْمَضَ وَمَضْمَضْنَا، وَلَمْ يَتَوَضَّأْ». أَخْرَجَهُ الْبُخَارِيُّ وَمَالِكٌ وَالنَّسَائِيُّ.

Қазақша аудармасы

Суәйд ибн ән-Нұғман (р.а.) былай дейді: «Алла елшісімен (с.а.с.) бірге Хайбарға аттандық. Хайбарға жақын Сахбаға жеткенде, Алла елшісі екінті намазын оқыды. Намаздан соң ас әкелуді тапсырды. Талқаннан басқа ештеңе әкелінбеді. Оны сумен жібітуді бұйырды. Ол да, біз де талқаннан жедік. Ақшам намазына тұрарда ол аузын шайды, біз де шайдық. Дәретін жаңартқан жоқ».1

«ثُرِّيَ»: أَيْ بُلَّ بِالْمَاءِ.

  1. 1Бұхари, «Уудуғ», 51, 54 (209, 215), «Жиһад», 123, «Мағази», 35, 38, «Атғима», 7, 9, 51. Мәлік, «Муатта», «Таһарат», 20 (1/26). Нәсәи, «Таһарат», 124 (1/108–109).
3687
Кутуб ситтә, № 3687 · тараудағы реті: 6Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

وَعَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ: «أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ شَرِبَ لَبَنًا، فَلَمْ يَتَمَضْمَضْ وَلَمْ يَتَوَضَّأْ وَصَلَّىٰ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.

Қазақша аудармасы

Әнәстен (р.а.) жеткен риуаят бойынша, Алла елшісі (с.а.с.) сүт ішіп, аузын шаймай әрі дәретін жаңартпай намаз оқыған.1

Түсіндірме

1. Осы алты риуаят отқа піскен тағамды жеген соң дәретті жаңартпау сүннетте бар екенін көрсетеді. Бұл мәселенің түсіндірмесі № 3681 хадистен кейін берілді.

2. Соңғы риуаятта дәрет жаңартудан бөлек, ауызды шаю туралы да айтылады. Жоғарыда айтылғандай, Алла елшісі (с.а.с.) ауызда ас қалдығы бар күйде намазға тұрудан тыйған. Ол мұның періштелерге жағымсыз екенін ескерткен.

  1. 1Әбу Дәуіт, «Таһарат» (197).