وَعَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ: «أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ شَرِبَ لَبَنًا، فَلَمْ يَتَمَضْمَضْ وَلَمْ يَتَوَضَّأْ وَصَلَّىٰ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.
Қазақша аудармасы
Әнәстен (р.а.) жеткен риуаят бойынша, Алла елшісі (с.а.с.) сүт ішіп, аузын шаймай әрі дәретін жаңартпай намаз оқыған.1
Түсіндірме
1. Осы алты риуаят отқа піскен тағамды жеген соң дәретті жаңартпау сүннетте бар екенін көрсетеді. Бұл мәселенің түсіндірмесі № 3681 хадистен кейін берілді.
2. Соңғы риуаятта дәрет жаңартудан бөлек, ауызды шаю туралы да айтылады. Жоғарыда айтылғандай, Алла елшісі (с.а.с.) ауызда ас қалдығы бар күйде намазға тұрудан тыйған. Ол мұның періштелерге жағымсыз екенін ескерткен.
- 1Әбу Дәуіт, «Таһарат» (197).