عَنْ جَابِرِ بْنِ سَمُرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ: «أَنَّ رَجُلًا سَأَلَ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ: أَأَتَوَضَّأُ مِنْ لُحُومِ الْغَنَمِ؟ قَالَ: إِنْ شِئْتَ فَتَوَضَّأْ، وَإِنْ شِئْتَ فَلَا تَتَوَضَّأْ. قَالَ: أَتَوَضَّأُ مِنْ لُحُومِ الْإِبِلِ؟ قَالَ: نَعَمْ، فَتَوَضَّأْ مِنْ لُحُومِ الْإِبِلِ. قَالَ: أُصَلِّي فِي مَرَابِضِ الْغَنَمِ؟ قَالَ: نَعَمْ. قَالَ: أُصَلِّي فِي مَبَارِكِ الْإِبِلِ؟ قَالَ: لَا». أَخْرَجَهُ مُسْلِمٌ.
Жәбир ибн Сәмура (р.а.) былай дейді: «Бір кісі Алла елшісіне (с.а.с.) келіп:
– Қой етін жесем, дәрет алайын ба? – деп сұрады. Алла елшісі:
– Қаласаң, дәрет ал. Қаламасаң, алма, – деді. Әлгі кісі:
– Түйе етін жесем, дәрет алайын ба? – деп сұрады. Алла елшісі:
– Иә, түйе етін жеген соң дәрет ал, – деді. Әлгі кісі тағы:
– Қой қорада намаз оқуыма бола ма? – деп сұрады.
– Иә, – деді Алла елшісі. Әлгі кісі:
– Ал түйе шөгетін жерде намаз оқуыма бола ма? – деп сұрады. Алла елшісі:
– Жоқ, – деді».1
- 1Мүслим, «Хайыз», 97 (360).