وَفِي رِوَايَةٍ لِلنَّسَائِيِّ: «كَانَ إِذَا أَرَادَ أَنْ يَأْكُلَ أَوْ يَشْرَبَ غَسَلَ يَدَيْهِ، ثُمَّ يَأْكُلُ أَوْ يَشْرَبُ».
Нәсәидің бір риуаятында: «Алла елшісі (с.а.с.) тамақ жегісі не сусын ішкісі келсе, әуелі қолдарын жуып, содан кейін жеп-ішетін», – делінген1.
Түсіндірме
1. Бұл риуаяттар жүніп адам ғұсыл алмай тұрып ұйықтай, жеп-іше алатынын көрсетеді. Әбу Дәуіт пен басқа жинақтарда Әлиден (р.а.) мына хадис жеткен:
لَا تَدْخُلُ الْمَلَائِكَةُ بَيْتًا فِيهِ صُورَةٌ وَلَا كَلْبٌ وَلَا جُنُبٌ.
«Ішінде сурет, ит немесе жүніп адам бар үйге періштелер кірмейді».2
Осы риуаяттарға сүйенгендер ол хадисті әлсіз санаған не оны белгілі бір жағдайға қатысты түсіндірген. Хаттаби хадисті сахих санап, былай дейді: «Мұнда ғұсылды кейінге қалдырған адам емес, жуынуды ұнатпай, ғұсыл алмауды әдет еткен адам меңзелген». Ол сөзін жалғап, хадистегі итті асырауға рұқсат етілмеген ит деп түсіндіреді ал суретке төсеніш пен матаға салынған жанды бейнені де жатқызады.
2. Жүніп кезде жеуге, ішуге және ұйықтауға берілген жеңілдік сахабаларды қуантып, Аллаға мадақ айтуына себеп болған. Кей жағдай осы жеңілдікті қажет етеді. Дереу ғұсыл алу міндеттелсе, қиындық тууы мүмкін еді. Сахабалардың «Аллаһу әкбар!» деуі таңғалғанын білдірген. Күтпеген жақсылыққа кезіккенде қуанышын осылай білдіру арабтарда әдет болған.
3. Ғұсылды кейінге қалдырып, дәрет алмай-ақ жеп-ішуге рұқсат болғанымен, әурет мүшесі мен қолды жуу, тіпті дәрет алу – мұстахаб. Бұл – рұқсат үкімі. Ал әзиметке сай амал – ғұсыл алуға асығу. Иманымызды күшейту үшін жеңілдікті ғана көздемей, әзиметке сай амал етуге ұмтылғанымыз жөн. Осы тұрғыдан ғұсыл алуға асыққан абзал.
4. Кей ғалым ұйықтарда алынатын дәрет пен ас ішерде алынатын дәреттің айырмасын қарастырған. Көпшілік ғалым жеу, ішу және ұйықтау алдында намазға алатындай дәрет алған жөн деген. Шәукани кейде намаз дәретін алуды, кейде қолды жуумен шектелуді дұрыс санаған. Дегенмен ол қолды жуумен шектелу жеу мен ішуге қатысты екенін, ал ұйықтарда намаз дәретін алу керектігін айтқан. Мұны осы тақырыптағы хадистердің бір-біріне қайшы келмеуімен негіздеген.
5. № 3777 хадисте үтір намазын кешіктіріп оқуға болатыны да айтылған. Риуаяттарға қарағанда, үтірді түннің басында да, ортасында да, соңында да оқуға болады. Бұл туралы өз тарауында кеңірек айттық.
- 1Бұхари, «Ғұсыл», 25, 27; Мүслим, «Хайыз» (305, 307); Мәлик, «Муатта», «Таһарат», 77 (1/47–48); Әбу Дәуіт, «Таһарат» (222–224, 226, 228), «Салат» (1437); Тирмизи, «Таһарат» (118–119); Нәсәи, «Таһарат», 163–166 (1/138–139), «Ғұсыл», 4–5 (1/199).
- 2Әбу Дәуіт, «Таһарат» (227); Хаттаби, «Мағалим әс-сунан», 1/75.