عَنْ أَبِي سَعِيدٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: غُسْلُ الْجُمْعَةِ وَاجِبٌ عَلَىٰ كُلِّ مُحْتَلِمٍ، وَأَنْ يَسْتَنَّ، وَأَنْ يَمَسَّ طِيبًا إِنْ وَجَدَ». أَخْرَجَهُ السِّتَّةُ إِلَّا التِّرْمِذِيَّ.
Қазақша аудармасы
Әбу Сағид (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.): “Жұма күні ғұсыл алу балиғатқа жеткен әр кісіге уәжіп. Мисуак қолдансын, хош иіс тапса, оны да жақсын”, – деді».1
- 1Бұхари, «Жұма» (879–880), «Азан», 161, «Шаһадат», 18. Мүслим, «Жұма» (846). Мәлік, «Муатта», «Жұма», 4 (1/102). Әбу Дәуіт, «Таһарат» (341). Нәсәи, «Жұма», 6, 8 (3/92–93).