Хадис

Кутуб ситтә, № 3925

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
531. № 3924–3925 хадистер
Нөмірі
№ 3925 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 2
3925
Кутуб ситтә, № 3925 · тараудағы реті: 2Риуаят етуші: Жәбир (р.а.)

وَعَنْ جَابِرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «أَدْرَكَنِي عُمَرُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، وَأَنَا أَجِيءُ مِنَ السُّوقِ وَمَعِيَ حِمَالُ لَحْمٍ، فَقَالَ: مَا هَذَا؟ فَقُلْتُ: قَرِمْنَا إِلَى اللَّحْمِ فَاشْتَرَيْتُ بِدِرْهَمٍ لَحْمًا. قَالَ: أَوَكُلَّمَا اشْتَهَيْتَ شَيْئًا اشْتَرَيْتَهُ؟ حَسْبُ أَحَدِكُمْ مِنَ السَّرَفِ أَنْ يَأْكُلَ كُلَّ مَا اشْتَهَى». أَخْرَجَهُ مَالِكٌ. «قَرِمَ إِلَى الشَّىْءِ»: اشْتَهَاهُ وَمَالَتْ نَفْسُهُ إِلَيْهِ.

Қазақша аудармасы

Жәбир (р.а.) айтады: «Базардан бір жүк ет алып келе жатқанымда, Омар (р.а.) жолықты да: “Бұл не?” – деп сұрады. “Ет жегіміз келіп, бір дирхамға ет сатып алдым”, – дедім. Сонда ол: “Көңілің қалағанның бәрін сатып ала бересің бе? Кісінің тәбеті тартқанның бәрін жей беруінің өзі – ысырап”, – деді».1

Түсіндірме

Екі риуаят та етті шектен тыс көп жеуден сақтандырады. Ғалымдар бұлардан ет жеу мәкруһ деген үкім шығармаған. Алла елшісі (с.а.с.) мен сахабалардың ет жегені мәлім. Етті де өзге ас сияқты шамадан асырмай жеген жөн. «Муаттадағы» нұсқада Омар (р.а.): «Мына аяттың айтқаны сендерге де қатысты болып жүрмесін?» – деп, «Ахқаф» сүресінің 20-аятын еске салған: ﴿وَيَوْمَ يُعْرَضُ ٱلَّذِينَ كَفَرُوا۟ عَلَى ٱلنَّارِ أَذْهَبْتُمْ طَيِّبَٰتِكُمْ فِى حَيَاتِكُمُ ٱلدُّنْيَا وَٱسْتَمْتَعْتُم بِهَا فَٱلْيَوْمَ تُجْزَوْنَ عَذَابَ ٱلْهُونِ بِمَا كُنتُمْ تَسْتَكْبِرُونَ فِى ٱلْأَرْضِ بِغَيْرِ ٱلْحَقِّ وَبِمَا كُنتُمْ تَفْسُقُونَ﴾ «Күпірлік қылғандар жаппай тозаққа келтірілетін күні: “Өздеріңе берілген бар игілікті дүниедегі тіршіліктеріңде ішіп-жеп, түгел тауыстыңдар және қызығын әбден көрдіңдер. Ал енді бүгін, жер бетінде орынсыз көкірек керіп тәкаппарланғандарың әрі асылық қылғандарың үшін қорлық азаппен жазаланасыңдар!” – деп айтылады».

  1. 1«Муатта», Сифатун-нәби 36 (936).