Хадис

Кутуб ситтә, № 3944

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
535. Алла елшісі мен сахабалары жеген тағамдар
Нөмірі
№ 3944 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 4
3944
Кутуб ситтә, № 3944 · тараудағы реті: 4Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

وَعَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «أُتِيَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ بِجُبْنَةٍ فِي تَبُوكَ مِنْ عَمَلِ النَّصَارَى. فَدَعَا بِسِكِّينٍ فَسَمَّى وَقَطَعَ وَأَكَلَ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.) былай дейді: «Тәбук жорығында Алла елшісіне (с.а.с.) христиандар дайындаған ірімшік әкелінді. Ол пышақ алдырып, “Бисмиллә” деп, ірімшікті кесіп жеді».1

Түсіндірме

Ірімшік қозының ұлтабарынан алынатын ұйытқымен жасалады. Ғалымдар осы хадиске сүйеніп, ұйытқыны таза санаған. Олардың пайымдауынша, ұйытқы нәжіс болса, онсыз жасалмайтын ірімшік те нәжіс болар еді.

  1. 1Әбу Дәуіт, Атғима 39, (3819).