Хадис

Кутуб ситтә, № 3963

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
537. Той асы (уәлима)
Нөмірі
№ 3963 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 2
3963
Кутуб ситтә, № 3963 · тараудағы реті: 2Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

وَعَنْهُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «مَا أَوْلَمَ النَّبِيُّ ﷺ عَلَى أَحِدٍ مِنْ نِسَائِهِ مَا أَوْلَمَ عَلَى زَيْنَبَ بِنْتِ جَحْشٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، أَوْلَمَ بِشَاةٍ». وَفِي رِوَايَةٍ: «أَطْعَمَهُمْ خُبْزًا وَلَحْمًا حَتَّى تَرَكُوهُ». أَخْرَجَهُ الشَّيْخَانِ وَأَبُو دَاوُدَ.

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) Зейнеп бинт Жахштың (р.а.) тойындағыдай асты өзге жұбайларының ешқайсысының тойында берген жоқ. Бұл тойда бір қой сойды».1

Бір риуаятта: «Қонақтар тойып, дастарханнан тұрғанша нан мен ет ұсынды», – делінген.

  1. 1Бұхари, Никах 68, 69; Мүслим, Никах 87, (1428); Әбу Дәуіт, Атғима 2, (3743).