Хадис

Кутуб ситтә, № 3972

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
538. Ақиқа
Нөмірі
№ 3972 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 5
3972
Кутуб ситтә, № 3972 · тараудағы реті: 5Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

وَعَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا: «أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ عَقَّ عَنْ الْحَسَنِ وَالْحُسَيْنِ كَبْشًا كَبْشًا». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ وَالنَّسَائِيُّ. وَلَفْظُ النَّسَائِيِّ: «بِكَبْشَيْنٍ كَبْشَيْنٍ»

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) Алла елшісінің (с.а.с.) немерелері Хасан мен Хүсейіннің әрқайсысына ақиқаға бір қошқардан шалғанын жеткізген.

Нәсәидегі нұсқада: «Әрқайсысына екі қошқардан шалды», – делінген.1

Түсіндірме

Ұлға да, қызға да бір мал шалу жеткілікті дегендер осы риуаятқа сүйенген. Нәсәидегі нұсқадан басқа, Әбу Дәуітте Амр ибн Шуғайбтың әкесінен, ал оның өз атасынан жеткізген риуаятында да ұлға екі қой шалу айтылған. Ибн Хажар: «Әбу Дәуіттің бұл риуаятын дәлел деп қабылдасақ та, оның мәні – ұл балаға екі мал шалу. Бір мал шалуға рұқсат беретін хадистердің үкімі жойылмайды. Сан шарт емес, мұстахаб», – деген.

  1. 1Әбу Дәуіт, «Адахи», 21 (№2841). Нәсәи, «Ақиқа», 4 (7/166).