عَنْ سَعِيدِ بْنِ جُبَيْرٍ، قَالَ: قَالَ رَجُلٌ لِابْنِ عَبَّاسٍ: إِنِّي أَجِدُ فِي الْقُرْآنِ أَشْيَاءَ تَخْتَلِفُ عَلَيَّ، قَالَ: وَمَا هِيَ؟ قَالَ: {فَلَا أَنْسَابَ بَيْنَهُمْ يَوْمَئِذٍ وَلَا يَتَسَاءَلُونَ} [الْمُؤْمِنُونَ: 101]، {وَأَقْبَلَ بَعْضُهُمْ عَلَى بَعْضٍ يَتَسَاءَلُونَ} [الصَّافَّاتُ: 27] {وَلَا يَكْتُمُونَ اللَّهَ حَدِيثًا} [النِّسَاءُ: 42]، {وَاللَّهِ رَبِّنَا مَا كُنَّا مُشْرِكِينَ} [الْأَنْعَامُ: 23]، فَقَدْ كَتَمُوا فِي هَذِهِ الْآيَةِ؟ وَقَالَ: {أَمِ السَّمَاءُ بَنَاهَا} [النَّازِعَاتُ: 27] إِلَى قَوْلِهِ: {دَحَاهَا} [النَّازِعَاتُ: 30] فَذَكَرَ خَلْقَ السَّمَاءِ قَبْلَ خَلْقِ الْأَرْضِ، ثُمَّ قَالَ: {أَئِنَّكُمْ لَتَكْفُرُونَ بِالَّذِي خَلَقَ الْأَرْضَ فِي يَوْمَيْنِ} [فُصِّلَتْ: 9] إِلَى قَوْلِهِ: {طَائِعِينَ} [فُصِّلَتْ: 11] فَذَكَرَ فِي هَذِهِ خَلْقَ الْأَرْضِ قَبْلَ خَلْقِ السَّمَاءِ؟ وَقَالَ: {وَكَانَ اللَّهُ غَفُورًا رَحِيمًا} [النِّسَاءُ: 96]، {عَزِيزًا حَكِيمًا} [النِّسَاءُ: 56]، {سَمِيعًا بَصِيرًا} [النِّسَاءُ: 58] فَكَأَنَّهُ كَانَ ثُمَّ مَضَى؟ فَقَالَ: {فَلَا أَنْسَابَ بَيْنَهُمْ} [الْمُؤْمِنُونَ: 101]: «فِي النَّفْخَةِ الْأُولَى، ثُمَّ يُنْفَخُ فِي الصُّورِ: {فَصَعِقَ مَنْ فِي السَّمَاوَاتِ وَمَنْ فِي الْأَرْضِ إِلَّا مَنْ شَاءَ اللَّهُ} فَلَا أَنْسَابَ بَيْنَهُمْ عِنْدَ ذَلِكَ وَلَا يَتَسَاءَلُونَ، ثُمَّ فِي النَّفْخَةِ الْآخِرَةِ، {أَقْبَلَ بَعْضُهُمْ عَلَى بَعْضٍ يَتَسَاءَلُونَ} [الصَّافَّاتُ: 27] وَأَمَّا قَوْلُهُ: {مَا كُنَّا مُشْرِكِينَ} [الْأَنْعَامُ: 23]، {وَلَا يَكْتُمُونَ اللَّهَ حَدِيثًا} [النِّسَاءُ: 42]، فَإِنَّ اللَّهَ يَغْفِرُ لِأَهْلِ الْإِخْلَاصِ ذُنُوبَهُمْ، وَقَالَ الْمُشْرِكُونَ: تَعَالَوْا نَقُولُ لَمْ نَكُنْ مُشْرِكِينَ، فَخُتِمَ عَلَى أَفْوَاهِهِمْ، فَتَنْطِقُ أَيْدِيهِمْ، فَعِنْدَ ذَلِكَ عُرِفَ أَنَّ اللَّهَ لَا يُكْتَمُ حَدِيثًا، وَعِنْدَهُ: {يَوَدُّ الَّذِينَ كَفَرُوا} [الْحِجْرِ: 2] الْآيَةَ، وَخَلَقَ الْأَرْضَ فِي يَوْمَيْنِ ثُمَّ خَلَقَ السَّمَاءَ، ثُمَّ اسْتَوَى إِلَى السَّمَاءِ فَسَوَّاهُنَّ فِي يَوْمَيْنِ آخَرَيْنِ، ثُمَّ دَحَا الْأَرْضَ، وَدَحْوُهَا: أَنْ أَخْرَجَ مِنْهَا الْمَاءَ وَالْمَرْعَى، وَخَلَقَ الْجِبَالَ وَالْجِمَالَ وَالآكَامَ وَمَا بَيْنَهُمَا فِي يَوْمَيْنِ آخَرَيْنِ، فَذَلِكَ قَوْلُهُ: {دَحَاهَا} [النَّازِعَاتُ: 30]. وَقَوْلُهُ: {خَلَقَ الْأَرْضَ فِي يَوْمَيْنِ} [فُصِّلَتْ: 9]. فَجُعِلَتِ الْأَرْضُ وَمَا فِيهَا مِنْ شَيْءٍ فِي أَرْبَعَةِ أَيَّامٍ، وَخُلِقَتِ السَّمَاوَاتُ فِي يَوْمَيْنِ، {وَكَانَ اللَّهُ غَفُورًا رَحِيمًا} [النِّسَاءِ: 96] سَمَّى نَفْسَهُ ذَلِكَ، وَذَلِكَ قَوْلُهُ، أَيْ لَمْ يَزَلْ كَذَلِكَ، فَإِنَّ اللَّهَ لَمْ يُرِدْ شَيْئًا إِلَّا أَصَابَ بِهِ الَّذِي أَرَادَ، فَلَا يَخْتَلِفْ عَلَيْكَ الْقُرْآنُ، فَإِنَّ كُلًّا مِنْ عِنْدِ اللَّهِ عَزَّ وَجَلَّ». أَخْرَجَهُ الْبُخَارِيُّ.
Сағид ибн Жубәйрдің (р.а.) айтуынша, бір кісі Ибн Аббасқа келіп: «Құранның кейбір аяттары маған бір-біріне қайшы сияқты көрінеді», – деген. Ибн Аббас: «Қай аяттар?» – деп сұрағанда, әлгі кісі мына аяттарды оқыған: ﴿فَإِذَا نُفِخَ فِي الصُّورِ فَلَا أَنْسَابَ بَيْنَهُمْ يَوْمَئِذٍ وَلَا يَتَسَاءَلُونَ﴾ «Сур үрленгенде, міне, сол күні араларында туыстық байланыстың жұрнағы да қалмайды. Тіпті бір-бірінің хал-жағдайын да сұраспайды»1. Тағы бір аятта ﴿وَأَقْبَلَ بَعْضُهُمْ عَلَىٰ بَعْضٍ يَتَسَاءَلُونَ﴾ «Олар бір-біріне беттеп келіп, біріне-бірі сұрақ жаудырып, кінә таға бастайды»2 делінген.
Бір аятта ﴿يَوْمَئِذٍ يَوَدُّ الَّذِينَ كَفَرُوا وَعَصَوُا الرَّسُولَ لَوْ تُسَوَّىٰ بِهِمُ الْأَرْضُ وَلَا يَكْتُمُونَ اللَّهَ حَدِيثًا﴾ «Сол күні өмір бойы күпірлікте қасарысып, ақырында, кәпір болып өлген әрі Расулаллаға қарсы шыққандар жермен-жексен болуды қалайды. Алайда олар өз аузымен айтқан бірде-бір сөзін де Алладан жасыра алмайды!»3 делінсе, екінші аятта ﴿ثُمَّ لَمْ تَكُنْ فِتْنَتُهُمْ إِلَّا أَنْ قَالُوا وَاللَّهِ رَبِّنَا مَا كُنَّا مُشْرِكِينَ﴾ «Сонда олардың жалғыз жауабы “Раббымыз Аллаға серт! Аллаға серік қоспадық!” деу болады»4 делінген. Сонда олар бұл аятта істегендерін жасырған болып шықпай ма?
«Назиғат» сүресінде ﴿أَأَنْتُمْ أَشَدُّ خَلْقًا أَمِ السَّمَاءُ ۚ بَنَاهَا رَفَعَ سَمْكَهَا فَسَوَّاهَا وَأَغْطَشَ لَيْلَهَا وَأَخْرَجَ ضُحَاهَا وَالْأَرْضَ بَعْدَ ذَٰلِكَ دَحَاهَا﴾ «Сендерді жарату қиын ба әлде аспанды ма?! Оны Алла тұрғызды! Алла оны тіреусіз биік күмбез етіп көтерді һәм мінсіз, толыққанды жүйеге келтірді. Түнін қараңғы қылды және күндізін жарық қылып шығарды. Содан кейін жерді жайды»5 делінген. Мұнда аспанның жаратылуы жерден бұрын айтылған.
Ал мына аяттарда жердің жаратылуы аспаннан бұрын айтылған: ﴿قُلْ أَئِنَّكُمْ لَتَكْفُرُونَ بِالَّذِي خَلَقَ الْأَرْضَ فِي يَوْمَيْنِ وَتَجْعَلُونَ لَهُ أَنْدَادًا ۚ ذَٰلِكَ رَبُّ الْعَالَمِينَ وَجَعَلَ فِيهَا رَوَاسِيَ مِنْ فَوْقِهَا وَبَارَكَ فِيهَا وَقَدَّرَ فِيهَا أَقْوَاتَهَا فِي أَرْبَعَةِ أَيَّامٍ سَوَاءً لِلسَّائِلِينَ ثُمَّ اسْتَوَىٰ إِلَى السَّمَاءِ وَهِيَ دُخَانٌ فَقَالَ لَهَا وَلِلْأَرْضِ ائْتِيَا طَوْعًا أَوْ كَرْهًا قَالَتَا أَتَيْنَا طَائِعِينَ﴾ «Оларға: “Сонда сендер жер бетін екі күнде жаратқан Алланы шынымен жоққа шығарып, Оған өзгелерді тең тұтасыңдар ма?! Ол күллі әлемдердің Раббысы!” “Ол жер астынан үстіне қарай көтерілген мызғымас тауларды орнатып, жерге құт-береке дарытты. Әрі онда Өзінен ризық-несібе тілеуші күллі жаратылыс атаулының бар азығын тұп-тура төрт күнде өтелетін етіп өлшеп бекітті”. Содан кейін қалауы мен құдіретін сол кезде тұмандық болған көкке қаратты да, көк пен жерге: “Мейлі өз еріктеріңмен, мейлі еріксіз түрде келіңдер!” – деп бұйырды. Сонда олар: “Біз әміріңе бойсұнған күйде келдік”, – деді».6
Құранда ﴿وَكَانَ اللَّهُ غَفُورًا رَحِيمًا﴾ «Алла – Ғафур, Рахим!», ﴿إِنَّ اللَّهَ كَانَ عَزِيزًا حَكِيمًا﴾ «Шүбәсіз, Алла – Азиз, Хаким!», ﴿إِنَّ اللَّهَ كَانَ سَمِيعًا بَصِيرًا﴾ «Шүбәсіз, Алла – Сәмиғ, Басир!» деп те айтылады. «Кәнә» етістігі өткен шақта тұр. Бұл сипаттар бұрын ғана болғандай көрінбей ме?
Ибн Аббас былай жауап берді: «Сур алғаш үрленгенде, араларында туыстық байланыс қалмайды. Сурдың алғашқы үнінен көкте де, жерде де Алла қалағандардан өзге тіршілік иелері сұлқ түседі. Сол кезде бір-бірінің халін де сұраспайды. Ал екінші рет үрленгенде, бір-біріне беттеп келіп, сұраса бастайды». Ибн Аббас сөзін жалғап, ﴿وَاللَّهِ رَبِّنَا مَا كُنَّا مُشْرِكِينَ﴾ «Раббымыз Аллаға серт! Аллаға серік қоспадық!» және ﴿وَلَا يَكْتُمُونَ اللَّهَ حَدِيثًا﴾ «Алайда олар өз аузымен айтқан бірде-бір сөзін де Алладан жасыра алмайды!» деген аят үзінділерін былай түсіндірді: «Алла ықыласты құлдарының күнәларын кешіреді. Сонда мүшріктер бір-біріне: “Келіңдер, мүшрік болмадық дейік”, – дейді. Алла ауыздарына мөр басады да, қолдары сөйлейді. Сол кезде Алладан бір сөзді де жасыру мүмкін еместігі анықталады». Осыған қатысты мына аят та келтіріледі: ﴿رُبَمَا يَوَدُّ الَّذِينَ كَفَرُوا لَوْ كَانُوا مُسْلِمِينَ﴾ «Күпірлік қылғандар күндердің күнінде: “Қап, мұсылман болғанымызда ғой!” – деп күйінеді».7
Ибн Аббас қалған сұрақтарға да жауап берді. Алла жерді екі күнде жаратты. Содан кейін аспанды жаратты. Одан соң аспанға бет бұрып, оны тағы екі күнде жеті қат етіп ретке келтірді. Одан соң жерді жайып, одан су мен жайылым шығарды. Тауларды, түйелерді, төбелерді және солардың арасындағыны тағы екі күнде жаратты. Алланың ﴿وَالْأَرْضَ بَعْدَ ذَٰلِكَ دَحَاهَا﴾ «Содан кейін жерді жайды»8 деген сөзі осыны білдіреді. Осылайша жер мен ондағы нәрселер төрт күнде, аспандар екі күнде жаратылды. «Алла кешірімді, мейірімді болды» деген сөзге келсек, Алла Өзін осылай атаған, Ол қашанда сондай. Алла не қаласа, сол міндетті түрде жүзеге асады. Құран аяттары саған қайшы көрінбесін, өйткені олардың барлығы Азиз әрі Жәлил Алладан.9
Түсіндірме
Ибн Хажар Ибн Аббасқа сұрақ қойған кісінің Нафиғ ибн әл-Азрақ екенін жазады. Ол кейін харижилердің азариқа тармағын басқарған. Меккеде Ибн Аббастың мәжілістеріне қатысып, сөзін тыңдаған, сұрақ қойып, кейде пікір таластырған. Оның сұрақтары туралы риуаяттарды Хаким, Табари, Абдурраззақ және өзге ғалымдар өз еңбектерінде келтірген.
Бұхари келтірген бұл риуаятта төрт мәселе қозғалған.
1. Қиямет күні адамдар бір-бірінің халін сұрай ала ма?
2. Мүшріктер өз істерін жасырғысы келгенде, Алла оларды қалай әшкерелейді?
3. Жер мен аспанның қайсысы бұрын жаратылған?
4. Алланың мәңгілік сипаттары неге өткен шақпен берілген?
Абдурраззақ жеткізген риуаяттағы қосымша мәліметке қарағанда, Ибн Аббас (р.анһума) әлгі кісіден былай сұраған:
– Бұл сөзіңді қалай түсінеміз? Құран аяттарына күмән келтіріп отырсың ба? – Күмәнім жоқ, бірақ маған аяттар бір-біріне қайшы сияқты көрінеді, – деген әлгі кісі.
Кейбір риуаяттарда Ибн Мәсғудтың қиямет күні бір-бірінен хал сұрасуды кешірім сұрап, ақысын адалдату деп түсіндіргені айтылады: «Қиямет күні бір кісіні қолынан ұстап, “Бұл – пәленшенің ұлы пәленше. Оның мойнында кімнің ақысы болса, келіп алсын!” деп жар салады. Сол кезде әйел әкесінің, ұлының, аға-бауырының не күйеуінің мойнында ақысы болғанын қалар еді. Ол күні араларында туыстық байланыс қалмайды, бір-бірінің халін де сұрамайды».