وَعَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا فِي قَوْلِهِ تَعَالَى: ﴿آلَ إِبْرَاهِيمَ وَآلَ عِمْرَانَ﴾، قَالَ: هُمُ الْمُؤْمِنُونَ مِنْ آلِ إِبْرَاهِيمَ وَآلِ عِمْرَانَ وَآلِ يَاسِينَ وَآلِ مُحَمَّدٍ. يَقُولُ اللَّهُ تَعَالَى: ﴿إِنَّ أَوْلَى النَّاسِ بِإِبْرَاهِيمَ لَلَّذِينَ اتَّبَعُوهُ وَهَٰذَا النَّبِيُّ وَالَّذِينَ آمَنُوا ۗ وَاللَّهُ وَلِيُّ الْمُؤْمِنِينَ﴾. أَخْرَجَهُ الْبُخَارِيُّ تَعْلِيقًا.
Ибн Аббас (р.анһума) ﴿آلَ إِبْرَاهِيمَ وَآلَ عِمْرَانَ﴾ «Ибраһим әулетін және Имран әулетін» деген аят үзіндісін: «Бұлар – Ибраһим, Имран, Ясин және Мұхаммед әулеттерінің иман келтіргендері», – деп түсіндірген. Содан кейін Алланың ﴿إِنَّ أَوْلَى النَّاسِ بِإِبْرَاهِيمَ لَلَّذِينَ اتَّبَعُوهُ وَهَٰذَا النَّبِيُّ وَالَّذِينَ آمَنُوا ۗ وَاللَّهُ وَلِيُّ الْمُؤْمِنِينَ﴾ «Шынында, адамдар арасында Ибраһимге ең жақын болғандар – оның соңынан ергендер, мына аса қадірлі пайғамбар және маңайындағы иман келтіргендер. Алла – міне, сол мүміндердің жанашыр досы» деген сөзін дәлелге келтірген.1
Түсіндірме
Ибн Аббас түсіндірген аяттар толық күйінде былай берілген: ﴿إِنَّ اللَّهَ اصْطَفَىٰ آدَمَ وَنُوحًا وَآلَ إِبْرَاهِيمَ وَآلَ عِمْرَانَ عَلَى الْعَالَمِينَ ذُرِّيَّةً بَعْضُهَا مِنْ بَعْضٍ ۗ وَاللَّهُ سَمِيعٌ عَلِيمٌ﴾ «Расында, Алла Адамды, Нұхты, Ибраһим әулетін және Имран әулетін бүкіл адамзаттан үстем әрі таңдаулы қылды. Оларды бір-бірінен тараған бір тұтас нәсіл ретінде таңдады. Алла – Сәмиғ, Алим.».2
Ибн Аббас бұл аятта таңдау Имран әулетінің барлығына бірдей таралғандай көрінетінін, алайда әулеттің белгілі бір адамдары меңзелгенін айтады. Ол осы пікіріне ﴿إِنَّ أَوْلَى النَّاسِ بِإِبْرَاهِيمَ لَلَّذِينَ اتَّبَعُوهُ وَهَٰذَا النَّبِيُّ وَالَّذِينَ آمَنُوا ۗ وَاللَّهُ وَلِيُّ الْمُؤْمِنِينَ﴾ «Шынында, адамдар арасында Ибраһимге ең жақын болғандар – оның соңынан ергендер, мына аса қадірлі пайғамбар және маңайындағы иман келтіргендер. Алла – міне, сол мүміндердің жанашыр досы.» деген аятты дәлел еткен.3