وَعَنْ سَهْلِ بْنِ سَعْدٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: وَاللَّهُ لِأَنْ يُهْدَى بِهُدَاكَ رَجُلٌ وَاحِدٌ خَيْرٌ لَكَ مِنْ حُمْرِ النَّعَمِ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.
Сәһл ибн Сағд (р.а.) Алла елшісінің (с.а.с.) мына сөзін жеткізеді: «Алланың атымен ант етемін, сенің себепкерлігіңмен бір кісінің тура жол табуы өзің үшін қызыл түйелерден де қайырлы».1
Түсіндірме
1. Бұл риуаят Бұхариде егжей-тегжейлі баяндалған. Алла елшісі бұл сөзді Хайбар алынар кезде Әлиге (р.а.) айтқан. Оқиға «Артықшылықтар» бөлімінде (№ 4407) толық берілгендіктен, мұнда хадистің осы тұсын ғана келтірдік.
2. «Нағам» – «әнғам» сөзінің жекеше түрі. Ол сиыр, қой-ешкі секілді малды білдіреді, кейде түйеге де қолданылады. Арабтар ең қымбат түйелерін «әл-ибил әл-хумр», яғни «қызыл түйелер» деп атаған. Хадисте осы тіркес арқылы бір кісінің тура жол табуына себепкер болу бағалы түйені садақа еткеннен де артық екені көрсетілген.
- 1Әбу Дәуіт, «Ілім», 10 (№ 3661). Бұхари, «Асхаб ән-наби», 9 (№ 3701). Мүслим, «Фазаил әл-асхаб», 34 (№ 2406).