وَعَنْ زَيْدٍ بْنِ ثَابِتٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «أَمَرَنِي رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ فَتَعَلَّمْتُ لَهُ كِتَابَ يَهُودَ بِالسُّرْيَانِيَّةِ، وَقَالَ: إِنَّي وَاللَّهُ مَا آمَنُ يَهُودَ عَلَى كِتَابِي. قَالَ: فَوَاللَّهُ مَا مَرَّ بِي نِصْفُ شَهْرٍ حَتَّى تَعَلَّمْتُهُ وَحَذَقْتُهُ فَكُنْتُ أَكْتُبُ لَهُ إِلَيْهِمْ وَأَقْرَأُ لَهُ كُتُبَهُمْ إِلَيْهِ». أَخْرَجَهُ الْبُخَارِيُّ وَأَبُو دَاوُدَ وَالتِّرْمِذِيُّ.
Зәйд ибн Сәбит (р.а.) былай дейді: «Расулалла (с.а.с.) тапсырма берген соң, ол кісі үшін яһудилер қолданатын суриани жазуын үйрендім. Ол: “Алланың атымен ант етемін, хаттарымды жазу ісінде яһудилерге сене алмаймын”, – деген еді.
Алланың атымен ант етемін, жарты ай өтпей-ақ әлгі жазуды меңгердім. Расулалланың (с.а.с.) оларға жіберетін хаттарын жазып, олардан келген хаттарды өзіне оқып беріп жүрдім».1
- 1Бұхари, «Ахкам», 40-тарау. Әбу Дәуіт, «Ілім», 2 (№ 3645). Тирмизи, «Истиъзән», 22 (№ 2715). Әбу Дәуіт пен Тирмизи бұл нұсқада яһудилердің жазуын айтады, ал Жанан оны суриани жазуы деп береді.