وَفِي رِوَايَةٍ لِأَبِي دَاوُدَ، فِي قَوْلِهِ تَعَالَى: ﴿وَإِنَّ الشَّيَاطِينَ لَيُوحُونَ إِلَىٰ أَوْلِيَائِهِمْ لِيُجَادِلُوكُمْ﴾، قَالَ: «يَقُولُونَ: مَا ذَبَحَ اللَّهُ، يَعْنُونَ الْمَيْتَةَ، لِمَ لَا تَأْكُلُونَهُ؟ فَأَنْزَلَ اللَّهُ تَعَالَى: ﴿وَإِنْ أَطَعْتُمُوهُمْ إِنَّكُمْ لَمُشْرِكُونَ﴾، ثُمَّ نَزَلَ: ﴿وَلَا تَأْكُلُوا مِمَّا لَمْ يُذْكَرِ اسْمُ اللَّهِ عَلَيْهِ﴾».
Әбу Дәуіттің бір риуаятында Ибн Аббас «Шайтандар сендермен даулассын деп өз сыбайластарына сыбырлап ой салады» деген аятты былай түсіндіреді: «Олар өздігінен өлген малды меңзеп, “Алланың өлтіргенін неге жемейсіңдер?” – дейді. Сонда Алла Тағала “Егер оларға бағынсаңдар, сендер де мүшрік боласыңдар” деген аятты түсірді. Одан кейін “Алланың аты аталмаған малдың етін жемеңдер…” деген аят түсті»1.
- 1«Әнғам» сүресі, 121-аят. Әбу Дәуіт, «Құрбандық», 13 (№2818). Мәтін Ибраһим Жананның «Кутуб-и Ситта» шархында келтірілген нұсқамен берілді (3/473).