Хадис

Ухуд шайқасы

Кутуб ситтә, 9-том, 583-тарау · 10 хадис · № 4246–4255

Хадистер

4246
Кутуб ситтә, № 4246 · тараудағы реті: 1Риуаят етуші: Зәйд ибн Сәбит (р.а.)

عَنْ زَيْدٍ بْنِ ثَابِتٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «لَمَّا خَرَجَ النَّبِيُّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ إِلَى أُحُدٍ رَجَعَ نَاسٌ مِمَّنْ كَانَ خَرَجَ مَعَهُ، وَكَانَ أَصْحَابُ النَّبِيِّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ فِيهِمْ فِرْقَتَيْنِ. قَالَتْ فِرْقَةٌ: نُقَاتِلُهُمْ؛ وَقَالَتْ فِرْقَةٌ: لَا نُقَاتِلُهُمْ. فَنَزَلَتْ: فَمَا لَكُمْ فِي الْمُنَافِقِينَ فِئَتَيْنِ؛ وَقَالَ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: إِنَّهَا طَيْبَةُ تَنْفِي الدَّجَّالَ كَمَا يَنْفِي الْكِيرُ خَبَثَ الْحَدِيدِ». أَخْرَجَهُ الشَّيْخَانِ وَالتِّرْمِذِيُّ.

Қазақша аудармасы

Зәйд ибн Сәбит (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) Ухудқа аттанғанда, ілесіп шыққандардың біразы кейін қайтты. Олар жайында сахабалар екі пікірге бөлінді. Бір тобы: “Олармен шайқасайық”, – десе, екінші тобы: “Олармен шайқаспаймыз”, – деді. Осы таласқа байланысты мына аят түсті: ﴿فَمَا لَكُمْ فِي الْمُنَافِقِينَ فِئَتَيْنِ وَاللَّهُ أَرْكَسَهُمْ بِمَا كَسَبُوا ۚ أَتُرِيدُونَ أَنْ تَهْدُوا مَنْ أَضَلَّ اللَّهُ ۖ وَمَنْ يُضْلِلِ اللَّهُ فَلَنْ تَجِدَ لَهُ سَبِيلًا﴾ “Екіжүзділерге қатысты екі топқа бөлінгендерің қалай?! Көрмеймісіңдер, істеген мұншама күнәлары себепті Алла оларды кері кетіріп, күпірлікке қайтарды. Әлде сендер Алланың адастырғанын тура жолға салғыларың келе ме?! Алла қайсыбір құлын адастырса, сен оған әсте жол тауып бере алмайсың”» («Ниса», 88-аят).

Алла елшісі (с.а.с.): «Бұл жер – Тайба. Көрік темірдің қожын қалай аршып шығарса, Тайба да Дажжалды солай қуып шығарады», – деді.1

Түсіндірме

1. Ухуд шайқасы төменде толығырақ баяндалады. Әуелі осы хадистің бірер тұсын айқындайық.

2. Басқа риуаяттарда айтылғандай, кейін қайтқандар – мұнафықтар жетекшісі Абдулла ибн Убай мен оның жақтастары. Абдулла да Алла елшісі (с.а.с.) секілді қалада қалуды жақтаған. Қаладан шығуды ұсынғандар басым түскен соң, Алла елшісі (с.а.с.) жауды Ухудта қарсы алуды ұйғарды. Абдулла мұны сылтау етіп, жақтастарына: «Мұхаммед соларды тыңдады да, менің сөзіме қарсы шықты. Өзімізді неге ажалға итермелейміз?» – деді. Сөйтіп, жауынгерлердің үштен бірін ертіп, әскерден бөлініп кетті.

3. Хадистегі екі топ – Абдулла ибн Убаймен кейін қайтқандар жайында әртүрлі үкім айтқан сахабалар. Бір тобы ең сындарлы сәтте әскерден бөлініп кеткен мұнафықтарды өлтіруді жақтаса, екінші тобы бұған қарсы болды. Талас күшейгенде жоғарыдағы аят түсті. Аяттың түсу себебі жайында өзге риуаяттар да бар.

4. Хадисте Мәдина «Тайба» деп аталған. Кейбір риуаятта Алла елшісінің (с.а.с.) бұрын Ясриб аталған Мәдинаны «Тайба» және «Таба» деп атағаны айтылады. Екі атау да хош иісті білдіретін «тыйб» сөзінен тарайды. Мәдинаның жамандықты қуып шығаратыны оның ондайды бойында ұстамайтынын білдіреді. Бұхаридің бір нұсқасында: «Бұл – Тайба, ол күнәларды қуып шығарады», – делінген. Тирмизиде «хубсты», яғни кір мен ластықты қуып шығаратыны айтылады.

Мұны жүрегінде жамандығы бар адамдардың Мәдинада орныға алмайтыны деп түсіндірген. Темір ұстасы да от пен көріктің көмегімен темірді қожынан арылтады.

  1. 1Бұхари, «Мағази», 17, «Фадаилул-Мәдина», 10, «Тәпсір», «Ниса», 15 (№ 4589). Мүслим, «Мунафиқун», 6 (№ 2776). Тирмизи, «Тәпсір», «Ниса» (№ 3031).
4247
Кутуб ситтә, № 4247 · тараудағы реті: 2Риуаят етуші: Бәра (р.а.)

وَعَنْ الْبَرَاءِ بْنِ عَازِبٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «لَقِينَا الْمُشْرِكِينَ يَوْمَئِذٍ وَأَجْلَسَ النَّبِيُّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ جَيْشًا مِنَ الرُّمَاةِ وَأَمَّرَ عَلَيْهِمْ عَبْدُ اللَّهِ بْنِ جُبَيْرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ؛ وَقَالَ: لَا تَبْرَحُوا، إِنْ رَأَيْتُمُونَا ظَهَرْنَا عَلَيْهِمْ فَلَا تَبْرَحُوا، وَإِنْ رَأَيْتُمُوهُمْ ظَهَرُوا عَلَيْنَا فَلَا تُعِينُونَا. فَلَمَّا لَقِيْنَاهُمْ هَرَبُوا، حَتَّى رَأَيْتُ النِّسَاءَ يَشْدُدْنَ فِي الْجَبَلِ قَدْ رَفَعْنَ عَنْ سُوقِهِنَّ قَدْ بَدَتْ خَلَاخِلُهُنَّ فَأَخَذُوا يَقُولُونَ: الْغَنِيمَةَ الْغَنِيمَةَ. فَقَالَ عَبْدُ اللَّهِ بْنِ جُبَيْرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ عَهِدَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: إِنْ لَا تَبْرَحُوا. فَأَبَوْا، فَلَمَّا أَبَوْا صُرِفَتْ وُجُوهُهُمْ. فَأُصِيبَ سَبْعُونَ قَتِيلًا. فَأَشْرَفَ أَبُو سُفْيَانَ. فَقَالَ: أَفِي الْقَوْمِ مُحَمَّدٌ؟ فَقَالَ: لَا تُجِيبُوهُ. فَقَالَ: أَفِي الْقَوْمِ ابْنُ أَبِي قُحَافَةَ؟ فَقَالَ: لَا تُجِيبُوهُ فَقَالَ: أَفِي الْقَوْمِ ابْنُ الْخَطَّابِ؟ فَلَمْ يُجِبْهُ أَحَدٌ. فَقَالَ: إِنَّ هَؤُلَاءِ قُتِلُوا، وَلَوْ كَانُوا أَحْيَاءً لَأَجَابُوا. فَلَمْ يَمْلِكْ عُمَرُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ نَفْسَهُ. فَقَالَ: كَذَبْتَ يَا عَدُوَّ اللَّهِ، أَبْقَى اللَّهُ لَكَ مَا يُخْزِيكَ قَالَ أَبُو سُفْيَانُ: اعْلُ هُبَلُ. فَقَالَ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: أَجِيبُوهُ. قَالُوا مَا نَقُولُ؟ قَالَ، قُولُوا: اللَّهُ أَعْلَى وَأَجَلُّ. قَالَ أَبُو سُفْيَانُ: لَنَا الْعُزَّى وَلَا عُزَّى لَكُمْ. فَقَالَ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: أَجِيبُوهُ. قَالُوا مَا نَقُولُ؟ قَالَ قُولُوا: اللَّهُ مَوْلَانَا وَلَا مَوْلَى لَكُمْ. قَالَ أَبُو سُفْيَانُ: يَوْمٌ بِيَوْمٍ، وَالْحَرْبُ سِجَالٌ؛ وَتَجِدُونَ مُثْلَةً لَمْ آمُرْ بِهَا وَلَمْ تَسُؤْنِي. فَقَالَ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ أَجِيبُوهُ. قَالُوا: مَا نَقُولُ؟ قَالَ قُولُوا: لَا سِوَاءَ، قَتْلَانَا فِي الْجَنَّةِ وَقَتْلَاكُمْ فِي النَّارِ». أَخْرَجَهُ الْبُخَارِيُّ وَأَبُو دَاوُدَ، إِلَى قَوْلِهِ لَمْ تَسُؤْنِي وَأَخْرَجَ بَاقِيهِ رَزِينُ. «الشَّدُّ» الْعَدُوُّ. وَقَوْلُهُ «اعْلُ» أَمْرٌ بِالْعُلُوِّ. وَ«هُبَلُ» اسْمُ صَنَمٍ. «الْحَرْبُ سِجَالٌ» أَيْ تَكُونَ لَنَا مَرَّةً وَلَكُمُ مَرَّةً، كَمَا يَكُونُ لِلْمُسْتَقِينِ بِالْدَّلْوِ وَهُوَ السِّجْلُ، وَلِهَذَا دَلْوٌ وَلِهَذَا دَلْوٌ. وَ«الْمُثْلَةُ» تَشْوِيهُ خِلْقَةِ الْقَتِيلِ بِقَطْعٍ أَوْ جَدْعٍ.

Қазақша аудармасы

Бәра ибн Азиб (р.а.) былай дейді: «Сол күні мүшріктермен бетпе-бет келдік. Алла елшісі (с.а.с.) елу садақшыны бөліп, оларға Абдулла ибн Жубәйрді (р.а.) басшы етті. Сосын: “Орындарыңнан қозғалмаңдар. Біздің оларды жеңгенімізді көрсеңдер де, кетпеңдер. Олар бізді жеңіп, денелерімізге құс үймелегенін көрсеңдер де, мен кісі жібергенше көмекке келмеңдер”, – деді.

Мүшріктермен шайқас басталғанда, олар қаша жөнелді. Тауға қарай жүгірген әйелдер етектерін жинап алғаны сонша, тобықтарындағы сақиналары көрініп тұрды. Біздің адамдар: “Олжа, олжа!” – десе бастады.

Абдулла ибн Жубәйр (р.а.): “Алла елшісінің (с.а.с.) ‘Орындарыңнан қозғалмаңдар’ дегенін ұмытпаңдар”, – деді. Алайда садақшылар құлақ аспай: “Аллаға ант етеміз, серіктерімізге барып, олжадан үлес аламыз”, – деді. Олар бұйрыққа бағынбаған соң, шайқастың беті бұрылып, жеңіліске ұшырадық. Жетпіс кісі қаза тапты. Әбу Суфиян бері шығып: “Араларыңда Мұхаммед бар ма?” – деді. Алла елшісі (с.а.с.): “Жауап бермеңдер”, – деді. Әбу Суфиян: “Араларыңда Әбу Қухафаұлы бар ма?” – деп сұрады. Алла елшісі тағы: “Жауап бермеңдер”, – деді. Әбу Суфиян: “Араларыңда Хаттабұлы бар ма?” – деді. Ешкім тіл қатпады. Сонда ол: “Бұлардың бәрі өлген. Тірі болса, жауап берер еді”, – деді. Омар (р.а.) шыдай алмай: “Уа, Алланың дұшпаны, жалған айттың. Сені қынжылтатын адамдарды Алла тірі қалдырды!” – деді. Әбу Суфиян: “Мәртебең биік болсын, Хубал!” – деді. Алла елшісі (с.а.с.): “Бұған жауап беріңдер”, – деді. Сахабалар: “Не дейміз?” – деп сұрағанда: “‘Алла бәрінен жоғары әрі бәрінен ұлы!’ деңдер”, – деді. Әбу Суфиян: “Біздің Уззамыз бар, сендердің Уззаларың жоқ”, – деді. Алла елшісі (с.а.с.) жауап беруді бұйырды. “Не дейміз?” – дегенде: “‘Алла – қамқоршымыз, сендердің қамқоршыларың жоқ’ деңдер”, – деді. Әбу Суфиян: “Бүгінгі күн – өткен күннің өтеуі. Соғыста жеңіс бірде сендердікі, бірде біздікі. Денелері зақымдалған кісілеріңді табасыңдар. Мұны мен бұйырмадым. Соған ренжіген де жоқпын. Мені кінәламаңдар”, – деді. Алла елшісі (с.а.с.): “Бұған да жауап беріңдер”, – деді. Сахабалар: “Не айтамыз?” – дегенде: “‘Тең емес. Біздің қаза тапқандарымыз жәннатта, сендердікі тозақта’ деңдер”, – деді1».

  1. 1Бұхари, «Мағази», 9, 17, 20, «Жиһад», 164 (№ 3039), «Тәпсір», «Әли Имран», 10. Әбу Дәуіт, «Жиһад», 116 (№ 2662). «Мені жазғырмаңдар» дегеннен кейінгі сөздерді Рәзин қосқан.
4248
Кутуб ситтә, № 4248 · тараудағы реті: 3Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

وَعَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «غَابَ عَمِّي أَنَسُ بْنِ النَّضْرِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ عَنْ قِتَالِ بَدْرٍ. فَقَالَ: غِبْتُ عَنْ أَوَّلِ قِتَالِ النَّبِيِّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ الْمُشْرِكِينَ لَئِنْ أَشْهَدَنِيَ اللَّهُ مَعَ النَّبِيِّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قِتَالَ الْمُشْرِكِينَ لَيَرَيَنَّ اللَّهُ مَا أَصْنَعُ. فَلَمَّا كَانَ يَوْمُ أُحُدٍ انْكَشَفَ الْمُسْلِمُونَ. فَقَالَ: اللَّهُمَّ إِنِّي أَعْتَذِرُ إِلَيْكَ مِمَّا صَنَعَ هَؤُلَاءِ، يَعْنِي الْمُسْلِمِينَ. وَأَبْرَأُ إِلَيْكَ مِمَّا صَنَعَ هَؤُلَاءِ، يَعْنِي الْمُشْرِكِينَ. ثُمَّ تَقَدَّمَ بِسَيْفِهِ فَاسْتَقْبَلَهُ سَعْدُ بْنِ مُعَاذٍ فَقَالَ: يَا سَعْدُ بْنِ مُعَاذٍ الْجَنَّةَ وَرَبِّ النَّضْرِ إِنِّي أَجِدُ رِيحَهَا مِنْ دُونِ أُحُدٍ. قَالَ سَعْدٌ: فَمَا اسْتَطَعْتُ يَا رَسُولَ اللَّهِ مَا صَنَعَ، ثُمَّ تَقَدَّمَ. قَالَ أَنَسٌ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ: فَوَجَدْنَا بِهِ بِضْعًا وَثَمَانِينَ، مَا بَيْنَ ضَرْبَةٍ بِالسَّيْفِ وَطَعْنَةٍ بِالرُّمْحِ وَرَمْيَةٍ بِسَهْمٍ. وَوَجَدْنَاهُ وَقَدْ مَثَّلَ بِهِ الْمُشْرِكُونَ. فَمَا عَرَفَهُ إِلَّا أُخْتُهُ بِشَامَةٍ أَوْ بِبَنَانِهِ. قَالَ أَنَسٌ: كُنَّا نَرَى أَنَّ هَذِهِ الْآيَةَ نَزَلَتْ فِيهِ وَفِي أَشْبَاهِهِ: مِنَ الْمُؤْمِنِينَ رِجَالٌ صَدَقُوا مَا عَاهَدُوا اللَّهَ عَلَيْهِ الْآيَةَ». أَخْرَجَهُ الشَّيْخَانِ وَالتِّرْمِذِيُّ.

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) былай дейді: «Әкемнің бауыры Әнәс ибн ән-Надыр (р.а.) Бәдір шайқасына қатыса алмады. Ол: “Уа, Алла елшісі! Мүшріктермен алғаш шайқасқаныңызда қасыңызда бола алмадым. Егер Алла мүшріктермен келесі шайқаста сізбен бірге болуды нәсіп етсе, не істейтінімді Алла міндетті түрде көреді”, – деді. Ухуд күні мұсылмандар шегіне бастады. Сонда ағам: “Уа, Аллам, мыналардың, яғни мұсылмандардың, істегені үшін кешірім сұраймын. Ал аналардың, яғни мүшріктердің, ісінен аулақ екенімді Өзіңе білдіремін”, – деді де, қылышын ұстап, ілгері ұмтылды. Алдынан Сағд ибн Муаз шыға келді. Ағам: “Уа, Сағд ибн Муаз! Жәннат! Надырдың Раббысына ант етемін, Ухудтың бергі жағынан жәннаттың иісін сезіп тұрмын”, – деді де, алға ұмтылды. Кейін Сағд: “Уа, Алла елшісі, мен оның істегеніндей істей алмадым”, – деді».

Әнәс (р.а.) шайқастан кейінгі жайды былай баяндайды: «Оның денесінен қылыш, найза және жебеден түскен сексеннен астам жара таптық. Мүшріктер мәйітін танымастай етіп зақымдапты. Оны саусақтарының ұшынан немесе денесіндегі белгісінен туған қарындасы ғана таныды. ﴿مِنَ الْمُؤْمِنِينَ رِجَالٌ صَدَقُوا مَا عَاهَدُوا اللَّهَ عَلَيْهِ ۖ فَمِنْهُمْ مَنْ قَضَىٰ نَحْبَهُ وَمِنْهُمْ مَنْ يَنْتَظِرُ ۖ وَمَا بَدَّلُوا تَبْدِيلًا﴾ “Мүміндердің арасында Аллаға берген сертінде тұрған нағыз ерлер бар. Олардың кейбірі уәдесінде тұрып, жанын пида қылды. Енді біреуі күтуде. Олар серттерінен әсте тайған да, әуелгі қалыптарынан еш айныған да емес” («Ахзаб», 23-аят) деген аят Әнәс ибн ән-Надыр және сол секілді адамдар жайында түсті деп ойлайтынбыз1».

  1. 1Бұхари, «Мағази», 17, «Жиһад», 12; Мүслим «Имарат», 148 (№ 1903); Тирмизи, «Тәпсір» (№ 3198).
4249
Кутуб ситтә, № 4249 · тараудағы реті: 4Риуаят етуші: Жәбир (р.а.)

وَعَنْ جَابِرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَجُلٌ يَوْمَ أُحُدٍ لِلنَّبِيِّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ أَرَأَيْتَ إِنْ قُتِلْتُ، أَيْنَ أَنَا يَا رَسُولَ اللَّهِ؟ قَالَ: فِي الْجَنَّةِ. فَأَلْقَى تَمَرَاتٍ كُنَّ فِي يَدِهِ ثُمَّ قَاتَلَ حَتَّى قُتِلَ». أَخْرَجَهُ الشَّيْخَانِ وَالنَّسَائِيُّ.

Қазақша аудармасы

Жәбир (р.а.) былай дейді: «Ухуд күні бір кісі Алла елшісінен (с.а.с.): “Уа, Алла елшісі, қаза тапсам, қайда боламын?” – деп сұрады. Ол: “Жәннатта”, – деді. Сонда әлгі кісі қолындағы құрмаларын тастай сала шайқасқа кіріп, қаза тапқанша соғысты».1

  1. 1Бұхари, «Мағази», 17; Мүслим, «Имарат», 143 (№ 1899); Нәсәи, «Жиһад», 31, (6/33).
4250
Кутуб ситтә, № 4250 · тараудағы реті: 5

وَعَنِ ابْنِ الْمُسَيَّبِ قَالَ: «سَمِعْتُ سَعْدَ بْنِ أَبِي وَقَّاصٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ يَقُولُ: نَثَلَ لِي رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ يَوْمَ أُحُدٍ كِنَانَتَهُ. فَقَالَ: ارْمِ فِدَاكَ أَبِي وَأُمِّي، وَكَانَ رَجُلٌ مِنَ الْمُشْرِكِينَ قَدْ أَحْرَقَ الْمُسْلِمِينَ فَانْتَزَعْتُ لَهُ بِسَهْمٍ لَيْسَ فِيهِ نَصْلٌ. فَأَصَبْتُ جَنْبَهُ فَسَقَطَ وَانْكَشَفَتْ عَوْرَتُهُ فَضَحِكَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ حَتَّى نَظَرْتُ إِلَى نَوَاجِذِهِ». أَخْرَجَهُ الشَّيْخَانِ إِلَى قَوْلِهِ: فِدَاكَ أَبِي وَأُمِّي. وَأَخْرَجَ بَاقِيهِ مُسْلِمٌ. «الْكِنَانَةُ» الْجَعْبَةُ الَّتِي فِيهَا النَّشَابُ. وَ«نَثَلَ» مَا فِيهَا أَلْقَاهُ وَنَثَرَ.

Қазақша аудармасы

Ибн әл-Мусайяб Сағд ибн Әбу Уаққастың (р.а.) мына сөзін естігенін айтады: «Ухуд күні Алла елшісі (с.а.с.) қорамсағындағы жебелерін маған беріп: “Ат! Әкем мен анам сен үшін пида болсын!” – деді.

Мүшріктердің бірі мұсылмандарға қатты соққы беріп жатты. Оған ұшы темірсіз жебе аттым. Жебе бүйіріне тиіп, ол құлады да, әурет жері ашылып қалды. Алла елшісі (с.а.с.) күлгенде, азу тістерін көрдім».1

  1. 1Бұхари, «Мағази», 15, 18. Мүслим, «Фадаилус-сахаба», 41 (№ 2411–2412).
4251
Кутуб ситтә, № 4251 · тараудағы реті: 6

وَعَنْ سَعْدٍ بْنِ أَبِي وَقَّاصٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «رَأَيْتُ عَلَى يَمِينِ رَسُولِ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ وَعَلَى شِمَالِهِ يَوْمَ أُحُدٍ رَجُلَيْنِ عَلَيْهِمَا ثِيَابٌ بِيضٌ يُقَاتِلَانِ كَأَشَدِّ الْقِتَالِ مَا رَأَيْتُهُمَا قَبْلُ وَبَعْدُ، يَعْنِي جِبْرِيلَ وَمِيكَائِيلَ عَلَيْهِمَا السَّلَامُ». أَخْرَجَهُ الشَّيْخَانِ.

Қазақша аудармасы

Сағд ибн Әбу Уаққас (р.а.) былай дейді: «Ухуд күні Алла елшісінің (с.а.с.) оң жағынан және сол жағынан ақ киімді екі кісіні көрдім. Екеуі жан аямай шайқасып жүрді. Оларды оған дейін де, одан кейін де көрмедім». Бұлар Жәбірейіл мен Микаил (а.с.) еді.1

  1. 1Бұхари, «Мағази», 18, «Либас», 24; Мүслим, «Фадаил», 46 (№ 2306).
4252
Кутуб ситтә, № 4252 · тараудағы реті: 7Риуаят етуші: Жәбир (р.а.)

وَعَنْ جَابِرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «أُصِيبَ أَبِي يَوْمَ أُحُدٍ فَجَعَلْتُ أَكْشِفُ عَنْ وَجْهِهِ وَأَبْكِي وَجَعَلُوا يَنْهَوْنِي وَالنَّبِيُّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ لَا يَنْهَانِي. وَجَعَلَتْ فَاطِمَةُ بِنْتُ عَمْرِو بْنِ حَرَامٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا تَبْكِيهِ فَقَالَ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: تَبْكِيهِ أَوْ لَا تَبْكِيهِ، مَا زَالَتِ الْمَلَائِكَةُ تُظِلُّهُ بِأَجْنِحَتِهَا حَتَّى رَفَعْتُمُوهُ». أَخْرَجَهُ الشَّيْخَانِ وَالنَّسَائِيُّ.

Қазақша аудармасы

Жәбир (р.а.) былай дейді: «Әкем Ухуд күні шейіт болды. Бетін ашып, жылай бастадым. Қасымдағылар тоқтатпақ болды, ал Алла елшісі (с.а.с.) мені тыймады. Фатима бинт Амр ибн Харам (р.а.) да оны жоқтап жылады. Алла елшісі (с.а.с.): “Жыласаң да, жыламасаң да, оны көтеріп әкеткендеріңше періштелер қанаттарымен көлеңкелеп тұрды”, – деді».1

  1. 1Бұхари, «Жанаиз», 3, 34, «Жиһад», 20, «Мағази», 26; Мүслим, «Фадаилус-сахаба», 130 (№ 2471); Нәсәи, «Жанаиз», 13, (4/13).
4253
Кутуб ситтә, № 4253 · тараудағы реті: 8Риуаят етуші: Саиб ибн Язид (р.а.)

وَعَنْ السَّائِبِ بْنِ يَزِيدٍ عَنْ رَجُلٍ سَمَّاهُ: «إِنَّ رَسُولَ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ ظَاهَرَ يَوْمَ أُحُدٍ بَيْنَ دِرْعَيْنِ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ. «ظَاهَرَ» أَيْ لَبِسَ إِحَدَاهُمَا فَوْقَ الْأُخْرَى.

Қазақша аудармасы

Саиб ибн Язид есімін атаған бір кісіден Алла елшісінің (с.а.с.) Ухуд күні екі сауытты қабаттап кигенін жеткізеді.1

  1. 1Әбу Дәуіт, «Жиһад», 75 (№ 2590); Ибн Мәжа, «Жиһад», 18 (№ 2806).
4254
Кутуб ситтә, № 4254 · тараудағы реті: 9Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

وَعَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ يَوْمَ أُحُدٍ: اشْتَدَّ غَضَبُ اللَّهِ عَلَى قَوْمٍ فَعَلُوا بِنَبِيِّهِ هَكَذَا، وَيُشِيرُ إِلَى رَبَاعِيَتِهِ. اشْتَدَّ غَضَبُ اللَّهِ عَلَى رَجُلٍ يَقْتُلُهُ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ فِي سَبِيلِ اللَّهِ». أَخْرَجَهُ الشَّيْخَانِ.

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) Ухуд күні: “Пайғамбарына осылай істеген қауымға Алланың қаһары күшейді”, – деп, сынған күрек тісін көрсетті. Содан кейін: “Алла елшісі (с.а.с.) Алла жолында өлтірген адамға Алланың қаһары күшейді”, – деді».1

  1. 1Бұхари, «Мағази», 24; Мүслим, «Жиһад», 106 (№ 1793).
4255
Кутуб ситтә, № 4255 · тараудағы реті: 10Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

وَعَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ: «إِنَّ رَسُولَ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: كُسِرَتْ رَبَاعِيَّتُهُ يَوْمَ أُحُدٍ وَشُجَّ فِي رَأْسِهِ. فَجَعَلَ يَسْلُتُ الدَّمَ عَنْ وَجْهِهِ وَيَقُولُ: كَيْفَ يُفْلِحُ قَوْمٌ شَجُّوا نَبِيَّهُمْ وَكَسَرُوا رَبَاعِيَّتَهُ، وَهُوَ يَدْعُوهُمْ إِلَى اللَّهِ؟ فَأَنْزَلَ اللَّهُ: لَيْسَ لَكَ مِنَ الْأَمْرِ شَىْءٌ الْآيَةُ». أَخْرَجَهُ مُسْلِمٌ وَالتِّرْمِذِيُّ. «شُجَّ رَأْسُهُ» إِذَا شَقَّ وَخَرَجَ دَمُهُ. وَ«سَلَتَ الدَّمَ عَنِ الْجُرْحِ» إِذَا مَسَحَهُ.

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) былай дейді: «Ухуд күні Алла елшісінің (с.а.с.) күрек тісі сынып, басы жараланды. Ол жүзіндегі қанды сүртіп: “Өздерін Аллаға шақырған пайғамбардың басын жарып, тісін сындырған қауым қалай оңбақ?” – деді. Осыған байланысты мына аяттар түсті: ﴿لَيْسَ لَكَ مِنَ الْأَمْرِ شَيْءٌ أَوْ يَتُوبَ عَلَيْهِمْ أَوْ يُعَذِّبَهُمْ فَإِنَّهُمْ ظَالِمُونَ ۝ وَلِلَّهِ مَا فِي السَّمَاوَاتِ وَمَا فِي الْأَرْضِ ۚ يَغْفِرُ لِمَنْ يَشَاءُ وَيُعَذِّبُ مَنْ يَشَاءُ ۚ وَاللَّهُ غَفُورٌ رَحِيمٌ﴾ “Әсілі, сенің бұл іске еш қатысың да, ықпалың да жоқ. Алла қаласа, оларды тәубеге келтіріп, күнәларын кешіреді, қаласа, оларды залымдар ретінде азаптайды. Күллі аспан әлеміндегі һәм жердегі жаратылыс атаулының бәрі бір Аллаға тиесілі. Ол қалағанын жарылқап кешіреді, қалағанын азаптайды. Дегенмен Алла – Ғафур, Рахим”» («Әли Имран», 128–129-аяттар).1

Түсіндірме

1. Соңғы риуаятта (№ 4255) Алла елшісінің (с.а.с.) Ухудта жараланғаны айтылады. Ибн Хишамның Әбу Сағид әл-Худриден (р.а.) жеткізуінше, Утба ибн Әбу Уаққас Алла елшісінің (с.а.с.) төменгі күрек тістерінің бірін сындырып, астыңғы ернін жаралаған. Абдулла ибн Шиһаб әз-Зуһри маңдайын жаралады. Абдулла ибн Қамиа бет сүйегін жарақаттағанда, дулығасының екі шығыршығы бетіне кіріп кеткен. Бір риуаятта Сағд ибн Әбу Уаққас: «Ухудта Алла елшісін (с.а.с.) жаралаған бауырым Утбаны өлтіргім келгені сонша, өмірімде ешкімді бұлай өлтіргім келмеген», – деген.

Ибн Марда Утба ибн Әбу Уаққастың кейін исламды қабылдағанын айтқан. Басқа авторлар бұл пікірге қосылмай, мұсылман болмай қайтыс болғанын жазады. Абдулла ибн Қамиаға Алла елшісі (с.а.с.): «Алла сені қор қылсын!» – деген. Кейін оны жабайы арқар сүзіп өлтірген.

Абдулла ибн Шиһаб әз-Зуһридің есімі сахабалар арасында аталады. Кейін исламды қабылдап, Меккеде қайтыс болған. Әйгілі хадисші Мұхаммед ибн Шиһаб әз-Зуһридің атасы екені айтылады.

  1. 1Мүслим, «Жиһад», 104 (№ 1791). Тирмизи, «Тәпсір», «Әли Имран» (№ 3005–3006). Бұхари мұны муаллақ түрде келтірген («Мағази», 21).