وَعَنْ عَمْرِو بْنِ دِينَارٍ قَالَ: سَمِعْتُ جَابِرَ بْنَ عَبْدِ اللَّهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا يَقُولُ: «قَالَ لَنَا رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ يَوْمَ الْحُدَيْبِيَةِ: أَنْتُمُ الْيَوْمَ خَيْرُ أَهْلِ الْأَرْضِ، وَكُنَّا أَلْفًا وَأَرْبَعَمِائِةٍ وَلَوْ كُنْتُ أَبْصُرُ الْيَوْمَ لَأَرَيْتُكُمْ مَكَانَ الشَّجَرَةِ». أَخْرَجَهُ الشَّيْخَانِ. تَقَدَّمَ ذِكْرُهَا فِي حَدِيثِ ابْنِ الْأَكْوَعِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ فِي غَزْوَةِ الْحُدَيْبِيَةِ، وَكَذَا تَقَدَّمَ ذِكْرُ خَيْبَرٍ.
Амр ибн Динар (рахимаһуллаһ) былай дейді: «Жәбир ибн Абдулланың (р.а.) былай дегенін естідім: “Хұдайбия күні Расулалла (с.а.с.) бізге: ‘Бүгін жер бетіндегі ең қайырлы жұрт – сендерсіңдер’, – деді. Сол күні мың төрт жүз адам едік. Қазір көзім көрсе, сендерге астында серт берген ағаштың орнын көрсетер едім”».1
Түсіндірме
Бұл кітапта Хұдайбияға қатысты төрт хадис, соның ішінде екі ұзақ риуаят келтірілді. Онда Хұдайбияға ғана емес, өзге жорықтарға қатысты да біраз мәлімет бар. Алайда келісімге қатысты кей маңызды оқиғалар осы хадистерде қамтылмаған. Сондықтан Ибн әл-Әсирдің «Әл-Кәмил фит-тарих» еңбегін негізге алып, Ибн Сағд пен Ибн Һишамнан кей деректерді қосып, Хұдайбия келісімінің барысын баяндаймыз.
- 1Бұхари, «Мағази», № 4154, сондай-ақ «Мәнақиб», 25, «Тәпсір», «Фатх» сүресі, 5, «Әшриба», 31. Мүслим, «Имарат», № 1856.