Хадис

Кутуб ситтә, № 4295

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
598. Таиф шайқасы
Нөмірі
№ 4295 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 1
4295
Кутуб ситтә, № 4295 · тараудағы реті: 1Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «لَمَّا حَاصَرَ النَّبِيُّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ الطَّائِفَ فَلَمْ يَنَلْ مِنْهُمْ شَيْئًا. قَالَ: إِنَّا قَافِلُونَ غَدًا إِنْ شَاءَ اللَّهُ فَثَقُلَ عَلَيْهِمْ. فَقَالُوا: نَذْهَبُ وَلَا نَفْتَحُهُ؟ وَقَالَ مَرَّةً: نَقْفُلُ. فَقَالَ: اغْدُوا عَلَى الْقِتَالِ. فَغَدَوْا فَأَصَابَهُمْ جِرَاحٌ. فَقَالَ: إِنَّا قَافِلُونَ غَدًا إِنْ شَاءَ اللَّهُ. فَأَعْجَبَهُمْ فَضَحِكَ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ». أَخْرَجَهُ الشَّيْخَانِ.

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.) айтады: «Алла елшісі (с.а.с.) Таифті қоршады, бірақ еш нәтиже шықпады. Сонда: “Алла қаласа, ертең қайтамыз”, – деді. Бұл сахабаларға ауыр тиді. Олар: “Таифті алмай кетеміз бе?” – десті. Бір нұсқада “Қайтамыз ба?” делінген. Алла елшісі: “Ендеше, таңертең шайқасқа шығыңдар”, – деді. Таңертең шайқасқа шығып, жарақат алды. Алла елшісі тағы да: “Алла қаласа, ертең қайтамыз”, – деді. Бұл жолы сахабалар қуанды. Алла елшісі күліп жіберді».1

  1. 1Бұхари, № 4325, 6086, 7480. Осы нұсқада риуаятты Ибн Омар жеткізеді. Мүслимнің «Жиһад және жорықтар» кітабындағы № 1778 нұсқаның жеткізушісі – Абдулла ибн Амр.