عَنِ ابْنِ جُبَيْرٍ قَالَ: «قُلْتُ لِابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا: سُورَةُ الْأَنْفَالِ؟ قَالَ: نَزَلَتْ فِي بَدْرٍ». أَخْرَجَهُ الشَّيْخَانِ.
Қазақша аудармасы
Сағид ибн Жубәйр былай дейді: «Ибн Аббастан (р.а.) “Әнфал” сүресінің не жайында түскенін сұрадым. Ол “Бәдір шайқасына байланысты түсті” деп жауап берді»1.
Түсіндірме
Бұл риуаяттың толық нұсқасы ұзағырақ. Онда Сағид ибн Жубәйрдің Ибн Аббастан (р.а.) «Тәубе», «Әнфал» және «Хашр» сүрелерінің түсу себебін сұрағаны айтылады. Ибн Аббас «Әнфал» сүресін Бәдір шайқасымен байланыстырады.
- 1Бұхари, «Тәпсір», «Әнфал», 1 (№4645). Мүслим, «Тәпсір», 31 (№3031).