وَعَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ: «أَنَّ أَبَا بَكْرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ بَعَثَهُ فِي الْحَجَّةِ الَّتِي أَمَّرَهُ عَلَيْهَا رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَبْلَ حَجَّةِ الْوَدَاعِ فِي رَهْطٍ يُؤَذِّنُونَ فِي النَّاسِ يَوْمَ النَّحْرِ: “أَنْ لَا يَحُجَّ بَعْدَ الْعَامِ مُشْرِكٌ، وَلَا يَطُوفَ بِالْبَيْتِ عُرْيَانٌ”. ثُمَّ أَرْدَفَ النَّبِيُّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ بِعَلِيِّ بْنِ أَبِي طَالِبٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، فَأَمَرَهُ أَنْ يُؤَذِّنَ بِبَرَاءَةَ، فَأَذَّنَ مَعَنَا فِي أَهْلِ مِنًى بِبَرَاءَةَ: “أَنْ لَا يَحُجَّ بَعْدَ الْعَامِ مُشْرِكٌ، وَلَا يَطُوفَ بِالْبَيْتِ عُرْيَانٌ”».
Әбу Һурайра (р.а.) былай дейді: «Қоштасу қажылығының алдындағы жылы Алла елшісі (с.а.с.) Әбу Бәкірді (р.а.) қажылыққа басшы етіп тағайындады. Құрбан айт күні ол халыққа: “Биылдан кейін мүшріктер қажылық жасамайды, ешкім Қағбаны жалаңаш тауап етпейді”, – деп жариялауға бір топ адамды жұмсады. Мен де сол топта болдым. Кейін Алла елшісі (с.а.с.) Әли ибн Әбу Талибті (р.а.) Әбу Бәкірдің соңынан жіберіп, оған “Бәраатты” жұртқа жариялауды тапсырды. Әли бізбен бірге Минада “Бәраатты” жариялап: “Биылдан кейін мүшріктер қажылық жасамайды, ешкім Қағбаны жалаңаш тауап етпейді”, – деді».1
- 1Бұхари, «Салат», 10, «Хаж», 67, «Жизия», 16, «Мәғази», 66, «Тәпсір», «Тәубе», 2–4 (№ 4655–4657). Мүслим, «Хаж», 435 (№ 1347). Әбу Дәуіт, «Хаж», 67 (№ 1946). Нәсәи, «Хаж», 161 (№ 2957).