وَعَنْ حُذَيْفَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «كُنَّا جُلُوسًا عِنْدَ النَّبِيِّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ، فَقَالَ: إِنِّي لَا أَدْرِي مَا قَدْرُ بَقَائِي فِيكُمْ فَاقْتَدُوا بِاللَّذَيْنِ مِنْ بَعْدِي، وَأَشَارَ إِلَى أَبِي بَكْرٍ وَعُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا. وَاهْتَدُوا بِهَدْيِ عَمَّارٍ، وَمَا حَدَّثَكُمْ ابْنُ مَسْعُودٍ فَصَدِّقُوهُ». أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ.
Хузайфа (р.а.) былай деген: «Алла Елшісінің (с.а.с.) қасында отырған едік. Ол: “Араларыңда қанша уақыт қалатынымды білмеймін. Менен кейін мына екеуіне еріңдер”, – деп, Әбу Бәкір мен Омарды нұсқады. Содан кейін: “Аммардың жолын үлгі етіңдер. Ибн Мәсғуд сендерге не жеткізсе, соны растаңдар”, – деді»1.
Түсіндірме
«الْهَدْيُ»: السَّمْتُ، وَالطَّرِيقَةُ، وَالسِّيرَةُ.
Алла Елшісі (с.а.с.) мұнда бірнеше сахабаның артықшылығын атап өткен.
1) Әбу Бәкір мен Омардың (р.а.) үмбет алдындағы орны айрықша.
2) Аммар ибн Ясирдің (р.а.) турашылдығы атап көрсетілген. Алла Елшісі (с.а.с.) басқа бір хадисте «مَا خُيِّرَ عَمَّارٌ بَيْنَ أَمْرَيْنِ إِلَّا اخْتَارَ أَرْشَدَهُمَا». «Аммар екі істің бірін таңдауға тура келсе, қайырлысын таңдайды»2 деген.
Аммар (р.а.) Әркамның үйінде Ислам қабылдаған алғашқы мұсылмандардың бірі еді. Ол анасы Сумәйямен (р.а.) бірге қорлық көріп, азап шекті. Сумәйя діні үшін азапталып, дүние салды. Алла Елшісі (с.а.с.) Аммарды бүлікшіл топ өлтіретінін алдын ала айтқан. Аммар Сыффин шайқасында шейіт болды. Ғалымдар бұл оқиғаны сол дауда Әлидің жақтастарының ұстанымы дұрыс болғанына дәлел еткен.
Аммар ибн Ясир (р.а.) шейіт болғанда тоқсаннан асқан еді.3