وَعَنْ جَابِرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: رَأَيْتُنِي دَخَلْتُ الْجَنَّةَ فَإِذَا أَنَا بِالرُّمَيْصَاءِ امْرَأَةِ أَبِي طَلْحَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، وَسَمِعْتُ خَشْخَشَةَ فَقُلْتُ: مَنْ هَذَا؟ قَالُوا: بِلَالٌ؛ وَرَأَيْتُ قَصْرًا بِفِنَائِهِ جَارِيَةٌ. فَقُلْتُ: لِمَنْ هَذَا؟ قَالُوا: لِعُمَرَ بْنِ الْخَطَّابِ. فَأَرَدْتُ أَنْ أَدْخُلَهُ فَأَنْظُرَ إِلَيْهِ، فَذَكَرْتُ غَيْرَتَكَ، فَوَلَّيْتُ مُدْبِرًا. فَبَكَى عُمَرُ وَقَالَ: أَعَلَيْكَ أَغَارُ يَا رَسُولَ اللَّهِ». أَخْرَجَهُ الشَّيْخَانِ.
Жәбир (р.а.) былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.): “Түсімде жәннатқа кіргенімді көрдім. Сонда Әбу Талханың әйелі Румәйсаға (р.а.) кезіктім. Сыбдыр естіп, ‘Бұл кім?’ – деп сұрап едім, ‘Биләл’, – деді. Ауласында бір күң тұрған сарай көрдім. ‘Бұл кімдікі?’ – деп сұрадым. ‘Омар ибн әл-Хаттабтікі’, – деді. Ішіне кіріп көргім келді. Сенің қызғанатының есіме түсіп, бұрылып кеттім”, – деді. Омар жылап: “Уа, Алланың Елшісі! Сізден де қызғанамын ба?” – деді»1.
Түсіндірме
«الْخَشْخَشَةُ»: صَوْتُ السِّلَاحِ.
1. Хадистегі Румәйса (р.а.) – Әнәстың анасы Үммі Сүләйм. «Румәйса» көздегі былшықты білдіретін «рамас» түбірінің кішірейту тұлғасынан жасалған. Оның Сәхлә есімі және басқа да есімдері деректерде кездеседі.
2. Хадисте Омар, Биләл және Үммі Сүләймнің (р.а.) жәннатпен сүйіншіленгені баяндалады.
- 1Бұхари, «Тағбир», 31–32-тараулар, «Бәд әл-халқ», 9-тарау, «Фадаил әл-асхаб», 19-тарау (№3679), «Никах», 107-тарау. Мүслим, «Фадаил әс-сахаба», №2395.