Хадис

Кутуб ситтә, № 4378

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
623. Бірнеше сахабаға ортақ артықшылықтар
Нөмірі
№ 4378 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 10
4378
Кутуб ситтә, № 4378 · тараудағы реті: 10Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

وَعَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «كَانَ أُسَيْدُ بْنُ حُضَيْرٍ وَعَبَّادُ بْنُ بِشْرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا عِنْدَ رَسُولِ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ فِي لَيْلَةٍ مُظْلِمَةٍ فَخَرَجَا مِنْ عِنْدِهِ فَإِذَا بِنُورَيْنِ بَيْنَ أَيْدِيهِمَا. فَلَمَّا افْتَرَقَا صَارَ مَعَ كُلِّ وَاحِدٍ مِنْهُمَا نُورٌ». أَخْرَجَهُ الْبُخَارِيُّ.

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) былай деген: «Усәйд ибн Худайр мен Аббад ибн Бишр (р.а.) тас қараңғы бір түнде Алла Елшісінің (с.а.с.) қасынан шықты. Алдарында екі жарық пайда болды. Екеуі екі жаққа айырылғанда, әрқайсысының алдында бір жарық қалды»1.

Түсіндірме

1. Бұхаридегі басқа нұсқада Усәйд ибн Худайр мен бір ансарлық кісі қараңғы түнде Алла Елшісінің (с.а.с.) қасында әңгімелесіп отырғаны айтылады. Түннің бір бөлігі өткенде, екеуі қолдарына таяқ ұстап шығады. Біреуінің таяғынан жарық тарап, екеуінің жолын жарық қылады.

Екі сахаба жолай айырылғанда, екіншісінің таяғынан да жарық тарайды. Сөйтіп екеуі де өз таяғының жарығымен үйіне жетеді.

2. Ғалымдар бұл оқиғаны сахабаларға нәсіп болған кереметтердің бірі деп санаған. Керемет жайында №4256 хадистің түсіндірмесінде кеңірек айтылған.

  1. 1Бұхари, «Мәсажид», 78-тарау (№465), «Мәнәқиб», 28-тарау, «Мәнәқиб әл-ансар», 13-тарау.