عَنْ جَابِرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ عُمَرُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ لِأَبِي بَكْرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ: يَا خَيْرَ النَّاسِ بَعْدَ مُحَمَّدٍ رَسُولِ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ فَقَالَ أَبُو بَكْرٍ: أَمَا إِذْ قُلْتَ ذَلِكَ فَلَقَدْ سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ يَقُولُ: مَا طَلَعَتِ الشَّمْسُ وَغَرَبَتْ عَلَى رَجُلٍ خَيْرٍ مِنْ عُمَرَ». أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ.
Жәбир (р.а.) былай деген: «Омар (р.а.) Әбу Бәкірге (р.а.): “Уа, Алла Елшісі Мұхаммедтен (с.а.с.) кейінгі ең қайырлы адам!” – деді. Әбу Бәкір оған: “Сен солай десең, мен Алла Елшісінің (с.а.с.) ‘Күн Омардан қайырлы адамға шығып, батқан емес’ дегенін естіген едім”, – деді»1.
- 1Тирмизи, «Мәнәқиб», №3684. Тирмизи оны ғариб деп атап, жеткізілу тізбегінің әлсіздеу екенін айтқан. «Күн батқан емес» деген тіркес Ибраһим Жанан келтірген нұсқада бар.