Хадис

Кутуб ситтә, № 4390

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
625. Омардың артықшылығы
Нөмірі
№ 4390 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 3
4390
Кутуб ситтә, № 4390 · тараудағы реті: 3Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

وَعَنْهُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: إِنَّ اللَّهَ تَعَالَى جَعَلَ الْحَقَّ عَلَى لِسَانِ عُمَرَ وَقَلْبِهِ، وَقَالَ ابْنُ عُمَرَ: مَا نَزَلَ بِالنَّاسِ أَمْرٌ قَطُّ. فَقَالُوا فِيهِ، وَقَالَ فِيهِ عُمَرُ: إِلَّا نَزَلَ الْقُرْآنُ فِيهِ عَلَى نَحْوِ مَا قَالَ عُمَرُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ». أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ، وَصَحَّحَهُ.

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.) «Алла ақиқатты Омардың тілі мен жүрегіне орнықтырған» дегенін жеткізген.

Ибн Омар (р.а.) «Жұрт пен Омар бір мәселе жөнінде пікір білдірсе, соған қатысты Құран аяты Омардың айтқанына сай түсетін» деген1.

  1. 1Тирмизи, «Мәнәқиб», №3682. Әбу Дәуіт, «Хараж», 18-тарау (№2962).