وَعَنْهُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «كُنْتُ أَلْصِقُ بَطْنِي بِالْحِصْبَاءِ مِنَ الْجُوعِ وَإِنْ كُنْتُ لَأَسْتَقْرِئُ الرَّجُلَ الْآيَةَ وَأَنَا أَعْلَمُهَا كَيْ يَنْقَلِبَ بِي فَيُطْعِمُنِي، وَكَانَ أَخْيَرَ النَّاسِ لِلْمَسَاكِينِ جَعْفَرُ بْنُ أَبِي طَالِبٍ، كَانَ يَنْقَلِبُ بِنَا فَيُطْعِمُنَا مَا كَانَ فِي بَيْتِهِ، حَتَّى إِنْ كَانَ لِيُخْرِجُ إِلَيْنَا الْعُكَّةَ الَّتِي لَيْسَ فِيهَا شَيْءٌ فَيَشُقُّهَا فَنَلْعَقُ مَا فِيهَا». أَخْرَجَهُ الْبُخَارِيُّ وَالتِّرْمِذِيُّ.
Әбу Һурайра (р.а.) былай деген: «Аштық қысқанда, ішімді қиыршық тасқа басып жататынмын. Кейде бір кісі мені ертіп апарып, ас берер деген үмітпен өзім білетін аятты оқып беруін өтінетінмін. Кедейлерге ең қайырымды кісі Жағфар ибн Әбу Талиб еді. Ол бізді үйіне ертіп барып, қолындағы барын алдымызға қоятын. Кейде бос май торсығын жарып беретін де, ішіне жұққан майды саусағымызбен алып жалайтынбыз».1
«الْعُكَّةُ» ظَرْفُ السَّمْنِ. وَ«اللَّعْقُ» أَخْذُ الطَّعَامِ بِالْأَصَابِعِ وَلَحْسُهَا، وَذَلِكَ لِقِلَّةِ الشَّىْءِ.
Бұхари, «Сахабалардың артықшылықтары», №3708. Тирмизи, «Манақиб», №3766 (осы оқиғаға қатысты басқа нұсқа).
- 1Бұхари, «Сахабалардың артықшылықтары», №3708. Тирмизи, «Манақиб», №3766 (осы оқиғаға қатысты басқа нұсқа).