Хадис

Кутуб ситтә, № 4449

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
643. Сағд ибн Муаз (р.а.)
Нөмірі
№ 4449 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 1
4449
Кутуб ситтә, № 4449 · тараудағы реті: 1Риуаят етуші: Бәра (р.а.)

عَنِ الْبَرَاءِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «أُهْدِيَ لِرَسُولِ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ جُبَّةٌ مِنْ سُنْدُسٍ، وَكَانَ يَنْهَى عَنِ الْحَرِيرِ، فَعَجِبَ النَّاسُ مِنْهَا. وَفِي رِوَايَةٍ: ثَوْبُ حَرِيرٍ فَجَعَلْنَا نَلْمُسُهُ وَنَتَعَجَّبُ مِنْهُ. فَقَالَ: وَالَّذِي نَفْسِي بِيَدِهِ لَمَنَادِيلُ سَعْدِ بْنِ مُعَاذٍ فِي الْجَنَّةِ خَيْرٌ مِنْ هَذَا». أَخْرَجَهُ الشَّيْخَانِ وَالتِّرْمِذِيُّ.

Қазақша аудармасы

Бәра (р.а.) былай деген: «Алла Елшісіне (с.а.с.) биязы жібектен тігілген шапан сыйланды. Ол жібек киюге тыйым салатын еді. Жұрт шапанға таңғалды. Басқа нұсқада оны қолмен сипап көріп, жұмсақтығына таңғалғанымыз айтылады. Сонда Алла Елшісі: “Жаным қолында болған Алламен ант етейін, Сағд ибн Муаздың жәннаттағы орамалдары бұдан да жақсы”, – деді»1.

«السُّنْدُسُ» مَا رَقَّ مِنَ الْإِبْرِيسَمِ. وَ«الْإِسْتَبْرَقُ» مَا غَلُظَ مِنْهُ.

  1. 1Бұхари, «Либас», 26-тарау, «Бәд әл-халқ», 8-тарау, «Мәнәқиб әл-ансар», 12-тарау (№3802), «Әйман», 3-тарау. Мүслим, «Фазаил әс-сахаба», №2468. Тирмизи, «Мәнәқиб», №3847.