Хадис

Кутуб ситтә, № 665

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
65. «Рағыд» сүресі
Нөмірі
№ 665 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 1
665
Кутуб ситтә, № 665 · тараудағы реті: 1Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ فِي قَوْلِهِ تَعَالَىٰ: ﴿وَنُفَضِّلُ بَعْضَهَا عَلَىٰ بَعْضٍ فِي الْأُكُلِ﴾: “الدَّقَلُ، وَالْفَارِسِيُّ، وَالْحُلْوُ، وَالْحَامِضُ”». أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ.

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) ﴿وَفِي الْأَرْضِ قِطَعٌ مُتَجَاوِرَاتٌ وَجَنَّاتٌ مِنْ أَعْنَابٍ وَزَرْعٌ وَنَخِيلٌ صِنْوَانٌ وَغَيْرُ صِنْوَانٍ يُسْقَىٰ بِمَاءٍ وَاحِدٍ وَنُفَضِّلُ بَعْضَهَا عَلَىٰ بَعْضٍ فِي الْأُكُلِ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَآيَاتٍ لِقَوْمٍ يَعْقِلُونَ﴾ “Жер бетінде іргелес құрлықтар бар. Әрі әр алуан жүзім баулары, егістік алқаптары мен бір түптен бірнешеу болып шыққан немесе дара біткен құрма ағаштары бар. Осылардың барлығы бір сумен суғарылады. Алайда Біз оларды әртүрлі етіп, бірінен бірін артық қыламыз. Міне, осылардың бәрінде ақылға салып ойланатын қауым үшін сөзсіз көптеген белгілер мен дәлелдер бар”1 деген аяттағы “бірінен бірін артық қыламыз” деген сөзді: “Сапасы төмен құрма, фариси құрмасы, тәттісі мен қышқылы”, – деп түсіндірді»2.

Түсіндірме

Бір топырақ пен бір судан нәр алған жемістердің сан алуан болып өсуі – Алланың бар екенін ұғындыратын белгілердің бірі. Аят осы құбылысқа зер салып, оның сырын зерттеуге үндейді. Алла елшісі (с.а.с.) жемістердің айырмашылығын байқауға жол көрсеткен.

1. Сапасы. Бір сортқа жататын жемістер, тіпті бір ағаштың жемістері де сапасы жағынан әркелкі болуы мүмкін.

2. Сорты. Хадисте фариси аталатын құрма сорты осы айырмашылыққа мысал етілген. Алмадан мысал келтірсек, Ниғде мен Амасия алмалары секілді.

3. Дәмі мен иісі. Жемістің қышқылы да, тәттісі де, қышқылтымы да, ауыз қуыратыны да, хош иістісі де болады.

Алла тағала өз қалауымен, құдіретімен бір су, бір топырақ, бір күннің шуағынан осыншама алуан жеміс өсіреді.

  1. 1«Рағыд» сүресі, 4-аят.
  2. 2Тирмизи, «Тәпсір», «Рағыд» (№ 3118, Ибраһим Жанан нөмірлеуінде № 3117). Тирмизи риуаятты хасан-ғариб деп бағалаған.