وَعَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «كُنْتُ أَلْعَبُ مَعَ الصِّبْيَانِ فَجَاءَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ، فَتَوَارَيْتُ خَلْفَ بَابٍ فَجَاءَ فَحَطَأَنِي حَطْأَةً وَقَالَ: اذْهَبْ وَادْعُ لِي مُعَاوِيَةَ. قَالَ: فَجِئْتُ فَقُلْتُ: هُوَ يَأْكُلُ. ثُمَّ قَالَ: اذْهَبْ فَادْعُ لِي مُعَاوِيَةَ. قَالَ: فَجِئْتُ فَقُلْتُ هُوَ يَأْكُلُ. فَقَالَ: لَا أَشْبَعَ اللَّهُ بَطْنَهُ». أَخْرَجَهُ مُسْلِمٌ.
Ибн Аббас (р.а.) былай дейді: «Балалармен ойнап жүргенімде Алла Елшісі (с.а.с.) келді. Мен есіктің артына жасырындым. Ол қасыма келіп, арқамнан алақанымен жеңіл қақты да: “Мұғауияны шақырып кел”, – деді. Қайтып келіп: “Ол тамақ ішіп отыр”, – дедім. Тағы да: “Мұғауияны шақырып кел”, – деді. Қайтып келіп: “Ол тамақ ішіп отыр”, – дедім. Сонда Алла Елшісі: “Алла оның қарнын тойдырмасын”, – деді»1.
«حَطَأَنِي» بِالْحَاءِ الْمُهْمَلَةِ جَاءَ مُفَسَّرًا فِي الْحَدِيثِ. قُلْتُ: مَا حَطَأَنِي؟ قَالَ: قَفَدَنِي، وَالْقَفَدُ: صَفَعَ الرَّأْسَ بِبَسْطِ الْكَفِّ مِنْ قَبْلِ الْقَفَا.
- 1Мүслим, «Бирр», №2604. Мүслимнің осы нұсқасында Ибн Аббас Мұғауияға екі рет жіберіледі. Ибраһим Жанан басылымында үш рет жіберілгені жазылған.