Хадис

Кутуб ситтә, № 4498

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
672. Әһл-бәйттің артықшылығы
Нөмірі
№ 4498 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 7
4498
Кутуб ситтә, № 4498 · тараудағы реті: 7Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

وَعَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا: «أَنَّ أَبَا بَكْرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: ارْقُبُوا مُحَمَّدًا صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ فِي أَهْلِ بَيْتِهِ». أَخْرَجَهُ الْبُخَارِيُّ.

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.) Әбу Бәкірдің (р.а.): «Мұхаммедке (с.а.с.) деген құрметті оның отбасына деген қамқорлықпен көрсетіңдер», – дегенін жеткізген1.

Түсіндірме

Әбу Бәкір (р.а.) халықты Алла Елшісінің (с.а.с.) отбасын құрметтеп, оларға қамқор болуға шақырған. «Қарайласыңдар» деген сөз олардың көңіліне қаяу түсіретін сөз бен істен сақтануды да білдіреді. Бұхари бұл өсиеттен кейін: «Фатима – менің бір бөлшегім. Оны ренжіткен мені де ренжітеді», – деген хадисті келтіреді.

  1. 1Бұхари, Фазаилул-асхаб, 12, 22.