وَعَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: بَابُ أُمَّتِي الَّذِي يَدْخُلُونَ مِنْهُ الْجَنَّةَ عَرْضُهُ يَسِيرُ الرَّاكِبُ الْمُجِدُّ الْمُسْرِعُ الْمُجَوِّدُ ثَلَاثًا، ثُمَّ إِنَّهُمْ يَتَضَاغَطُونَ عَلَيْهِ حَتَّى تَكَادَ مَنَاكِبَهُمْ تَزُولُ، وَهُمْ شُرَكَاءُ النَّاسِ فِي سَائِرِ الْأَبْوَابِ». أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ سِوَى قَوْلِهِ: وَهُمْ شُرَكاءُ النَّاسِ... إِلَخْ، فَهُوَ مِنْ زِيَادَةِ رَزِينٍ.
Ибн Омар (р.а.) жеткізген хадисте Алла Елшісі (с.а.с.) былай деген: «Үмбетім жәннатқа кіретін қақпаның ені жүйрік атты кісі үш күн не жыл жүретін жолдай. Сонда да кіргендер иықтары орнынан таярдай сығылысады. Үмбетімнің адамдары жәннаттың өзге қақпаларынан басқа жұртпен бірге де кіреді»1.
Түсіндірме
Кейбір түсіндірушілер «үш» саны кеңдікті бейнелеп тұрғанын айтқан. Тирмизи нұсқасында «үш» деген сан бар, уақыт бірлігі аталмайды. Ибраһим Жанан оны «үш күн немесе жыл» деп түсіндірген. Өзге риуаятта жәннат қақпасының екі босағасының арасы қырық жыл жүретін жолдай деп сипатталады.
- 1Тирмизи, «Жәннат», №2548. Өзге қақпалар туралы соңғы сөйлем Рәзинге телінеді.