Хадис

Кутуб ситтә, № 4543

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
677. Кейбір араб ру-тайпаларының артықшылығы
Нөмірі
№ 4543 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 10
4543
Кутуб ситтә, № 4543 · тараудағы реті: 10Риуаят етуші: Әбу Барза әл-Әсләми (р.а.)

وَعَنْ أَبِي بَرْزَةَ الْأَسْلَمِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «بَعَثَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ إِلَى حَيٍّ مِنْ أَحْيَاءِ الْعَرَبِ رَجُلًا فَسَبُّوهُ وَضَرَبُوهُ. فَجَاءَ إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ فَأَخْبَرَهُ. فَقَالَ ﷺ: لَوْ أَنَّ أَهْلَ عُمَانَ أَتَيْتَ مَا سَبُّوكَ وَلَا ضَرَبُوكَ». أَخْرَجَهُ مُسْلِمٌ.

Қазақша аудармасы

Әбу Барза әл-Әсләми (р.а.) жеткізеді: «Расулалла (с.а.с.) бір адамды араб тайпаларының біріне жіберді. Олар оны балағаттап, ұрып жіберді. Ол Расулаллаға (с.а.с.) оралып, болған жайды айтты. Сонда Расулалла: “Оман халқына барғаныңда, олар сені балағаттамас та, ұрмас та еді”, – деді».1

Түсіндірме

Кейбір түсіндірмешілер Расулалла (с.а.с.) бұл сөздерімен омандықтардың істің байыбына баратын, аңғарымпаз әрі йемендіктер секілді жүрегі жұмсақ, биязы халық екенін айтқан деп түсіндіреді. Хадисте Оман халқының осы артықшылығы баяндалған.

  1. 1Мүслим, Фазаилус-Сахаба 228 (2544).