Хадис

Кутуб ситтә, № 4566

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
687. Арафа күні
Нөмірі
№ 4566 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 2
4566
Кутуб ситтә, № 4566 · тараудағы реті: 2

وَعَنْ طَلْحَةَ بْنِ عُبَيْدِ اللَّهِ بْنِ كُرَيْزٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: أَفْضَلُ الْأَيَّامِ يَوْمُ عَرَفَةَ وَافَقَ يَوْمَ جُمْعَةٍ. وَهُوَ أَفْضَلُ مِنْ سَبْعِينَ حَجَّةً فِي غَيْرِ يَوْمِ جُمْعَةٍ، وَأَفْضَلُ الدُّعَاءِ دُعَاءُ يَوْمِ عَرَفَةَ، وَأَفْضَلُ مَا قُلْتُ أَنَا وَالنَّبِيُّونَ مِنْ قَبْلِي: لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ وَحْدَهُ لَا شَرِيكَ لَهُ». أَخْرَجَهُ مَالِكٌ مِنْ قَوْلِهِ: أَفْضَلُ الدُّعَاءِ إِلَى آخِرِهِ. وَأَخْرَجَهُ بِطُولِهِ رَزِينٌ.

Қазақша аудармасы

Талха ибн Убәйдулла ибн Курәйз жеткізеді: «Расулалла (с.а.с.): “Күндердің ең абзалы – жұмаға сәйкес келген Арафа күні. Ол жұмадан басқа күні жасалған жетпіс қажылықтан артық. Дұғаның ең абзалы – Арафа күні жасалған дұға. Мен және менен бұрынғы пайғамбарлар айтқан ең абзал сөз – ‘Алладан басқа құлшылыққа лайық құдай жоқ. Ол жалғыз, Оның серігі жоқ’”, – деді». Имам Мәлик «Дұғаның ең абзалы» дегеннен кейінгі бөлігін «Муаттада» келтірген. Рәзин риуаятты басынан аяғына дейін жеткізген.1

Түсіндірме

1. Мүслим алдыңғы хадисті қысқа нұсқада келтірген. Абдурраззақ оны Ибн Омардан толық нұсқада жеткізген: «Алланың рақымы дүние аспанына түседі. Алла қажыларды періштелеріне мақтан етіп: “Бұлар – Менің құлдарым. Мейіріміме жетіп, азабымнан құтылу үшін шалғайдан шаң басып келген. Олар Мені көрген жоқ. Көргенде не істер еді?” – дейді». Ғалымдар мұны Арафа күнінің артықшылығына дәлел еткен. Нәуәуидің айтуынша, бір адам: «Күндердің ең абзалында әйелімді талақ еттім», – десе, әйелі Арафа күні талақ болады.

2. Екінші хадисте Арафа күні жұма күнімен салыстырылып, жұманың да артықшылығы айтылған. №4568 хадистегідей, басқа риуаяттарда да жұма күнінің артықшылығы дәріптеледі. Кейбір ғалымдар «апта» сөзін қосып, жұманы аптаның ең абзал күні деп түсіндіру арқылы екі хадистің мағынасын үйлестірген. Жұма жайындағы өзге түсіндірмелерді жұма күні туралы тарауда береміз.

  1. 1Муатта, Хажж 246, (1, 422).