Хадис

Кутуб ситтә, № 4593

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
692. Меккенің артықшылығы
Нөмірі
№ 4593 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 18
4593
Кутуб ситтә, № 4593 · тараудағы реті: 18Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

وَعَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: يُخَرِّبُ الْكَعْبَةَ ذُو السُّوَيْقَتَيْنِ مِنَ الْحَبَشَةِ». أَخْرَجَهُ الشَّيْخَانِ وَالنَّسَائِيُّ.

Қазақша аудармасы

Әзірет Әбу Һурайра (р.а.) жеткізеді: «Алла елшісі (с.а.с.): “Қағбаны балтыры жіңішке бір хабаштық қиратады”, – деді».1

Түсіндірме

1. Хадистегі «суайқатайн» сөзі «екі балтыр» деген сөздің кішірейтпе түрі. «Зус-суайқатайн» тіркесі «балтыры жіңішке адам» дегенді білдіреді.

  1. 1Бұхари, Хажж 49; Мүслим, Фитән 57 (2909); Нәсәи, Хажж 125, (5, 216).