وَعَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: أُمِرْتُ بِقَرْيَةٍ تَأْكُلُ الْقُرَى. يَقُولُونَ: يَثْرِبُ، وَهِيَ الْمَدِينَةُ، تَنْفِي النَّاسَ كَمَا يَنْفِي الْكِيرُ خَبَثَ الْحَدِيدِ». أَخْرَجَهُ الثَّلَاثَةُ. وَفِي رِوَايَةٍ لِمُسْلِمٍ: «خَبَثَ الْفِضَّةِ».
Әзірет Әбу Һурайра (р.а.) жеткізеді: «Алла елшісі (с.а.с.): “Маған басқа қалаларды ‘жейтін’ қалаға һижрет ету бұйырылды. Жұрт оны Ясриб дейді. Ол – Мәдина. Ұстаның көрігі темірдің қожын қалай айырса, Мәдина да жаман адамдарды өзінен солай аластатады”, – деді». Мүслимнің бір риуаятында «темірдің қожы» орнына «күмістің қожы» делінген.1
Түсіндірме
وَمَعْنَى: «تَأْكُلُ الْقُرَى» أَنَّ اللّهَ يَنْصُرُ الْإِسْلَامَ بِأَهْلِهَا وَهُمْ الْأَنْصَارُ وَتُفْتَحُ الْقُرَى عَلَى أَيْدِيهِمْ وَيُغْنِمُهُمْ إِيَّاهَا فَيَأْكُلُونَهَا، وَهَذَا مِنْ بَابِ اتِّسَاعٍ وَاخْتِصَارٍ وَحَذْفِ الْمُضَافِ، وَالتَّقْدِيرُ يَأْكُلُ أَهْلُهَا أَمْوَالَ الْقُرَى. وَغَيَّرَ ﷺ اسْمَ يَثْرِبَ بِطَيْبَةَ وَطَابَةَ كَرَاهَةَ التَّثْرِيبِ، وَهُوَ الْمُبَالَغَةُ فِي اللَّوْمِ وَالتَّعْنِيفِ وَالتَّعْيِيرِ.
1. Мәдинаның «қалаларды жейтін» қала деп сипатталуы – кей сөзі түсіріліп, ықшам айтылған ауыспалы тіркес. Бұл жерде Алланың Мәдина халқы арқылы Исламды қолдайтыны, олардың қолымен көптеген қаланың алынып, Мәдина тұрғындарының олжаға ие болатыны айтылады. Хадисте «жеу» сөзі жеңіске жету мағынасында қолданылған. Ибн әл-Мунирдің пікірінше, бұл Мәдинаның артықшылығы басқа қалалардан басым дегенді де білдіреді. Оның артықшылығының қасында өзге қалалардың артықшылығы елеусіз қалады. Алайда кейбір ғалымдар ең артық қала Мәдина дегенді құптамай, «Уммул-қура», яғни «қалалардың анасы» аталған Меккені алдыңғы орынға қояды.
2. Мәдинаның бұрынғы атауы Ясриб еді. Алла елшісі (с.а.с.) оны Тайба және Таба деп атаған. Себебі «тәсриб» сөзі біреуді айыптау мен кінәлауда шектен шығуды білдіреді. Кейбір ғалымдар хадиске сүйеніп, Мәдинаны «Ясриб» деуді мәкруһ санаған. Олардың түсіндіруінше, Құранда бұл атау мұсылман еместердің сөзі келтірілген жерде ғана кездеседі.
عَنِ الْبَرَاءِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَنْ سَمَّى الْمَدِينَةَ يَثْرِبَ فَلْيَسْتَغْفِرِ اللَّهَ عَزَّ وَجَلَّ، هِيَ طَابَةُ، هِيَ طَابَةُ».
Барадан (р.а.) жеткен риуаятта Алла Елшісі (с.а.с.): «Кім Мәдинаны Ясриб деп атаса, Алладан кешірім сұрасын. Ол – Таба, ол – Таба», – деген.2
3. Ибн Хажар бұл хадистің екі бөліктен тұратынын айтып, Алла елшісі (с.а.с.) бірінші бөлігін Меккеде, екіншісін Мәдинада айтқан болуы мүмкін деп пайымдаған.
4. Хадисте көріктің асыл металды қожынан айырғаны секілді, Мәдинаның да жаман адамдарды өзінен аластайтыны айтылған. Кейбір ғалымдар бұл сөздің тікелей мағынасын алған. Мәдинаның ауасынан сырқаттанып, мұны жаман ырымға балаған бәдәуи берген сертін бұзуға келгенде, Алла елшісі (с.а.с.): «Мәдина жаманын аластап, жақсысын тазартып қалдыратын көрік іспетті», – деген.
عَنْ جَابِرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ أَعْرَابِيًّا بَايَعَ النَّبِيَّ ﷺ عَلَى الْإِسْلَامِ فَأَصَابَهُ وَعْكٌ، فَقَالَ: أَقِلْنِي. فَأَبَى ثَلَاثَ مِرَارٍ. فَقَالَ: «الْمَدِينَةُ كَالْكِيرِ، تَنْفِي خَبَثَهَا، وَيَنْصَعُ طَيِّبُهَا».
Жәбир (р.а.) жеткізген риуаятта бір бәдәуи Пайғамбарға (с.а.с.) исламды ұстануға серт берді. Сырқаттанып қалған соң, сертінен босатуды сұрады. Пайғамбар (с.а.с.) оның өтінішін үш рет қабылдамады да: «Мәдина көрік іспетті. Ол жаманын аластайды, ал жақсысы тазара түседі», – деді.3
Кей ғалымдар бұл үкімді Дәжжалдың шығатын уақытына қатысты түсіндірген. Алла елшісі (с.а.с.) басқа хадистерде ақырзаманда Дәжжалдың Мәдина маңына тоқтайтынын, Мәдинаның тұрғындарымен бірге үш рет сілкінетінін және сол кезде Алла қаладағы кәпірлер мен мұнафықтарды шығаратынын хабарлаған. Олар Мәдинаны тастап, Дәжжалға барады.