Хадис

Кутуб ситтә, № 4619

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
696. Ақық және Зул-Хуләйфа
Нөмірі
№ 4619 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 1
4619
Кутуб ситтә, № 4619 · тараудағы реті: 1Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «أُتِيَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ وَهُوَ فِي مُعَرَّسِهِ مِنْ ذِي الْحُلَيْفَةِ بِبَطْنِ الْوَادِي. فَقِيلَ لَهُ: إِنَّكَ بِبَطْحَاءَ مُبَارَكَةٍ. قَالَ مُوسَى بْنُ عُقْبَةَ: وَقَدْ أَنَاخَ بِنَا سَالِمٌ رَحِمَهُ اللَّهُ بِالْمُنَاخِ مِنَ الْمَسْجِدِ الَّذِي كَانَ عَبْدُ اللَّهِ يُنِيخُ بِهِ، يَتَحَرَّى مُعَرَّسَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، وَهُوَ أَسْفَلُ مِنَ الْمَسْجِدِ الَّذِي بِبَطْنِ الْوَادِي بَيْنَهُ وَبَيْنَ الْقِبْلَةِ، وَسَطًا مِنْ ذَلِكَ». أَخْرَجَهُ الشَّيْخَانِ وَالنَّسَائِيُّ.

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.) жеткізеді: «Алла елшісі (с.а.с.) Зул-Хуләйфадағы алқаптың түбіне түнегенде, оған біреу келіп: “Сен берекелі Батха алқабындасың”, – деді». Мұса ибн Уқба былай дейді: «Сәлим (Алла оны рақым етсін) Абдулла түйесін шөктіретін жерге, мешіттің маңына, біздің түйелерімізді де шөктірді. Абдулла Алла елшісінің (с.а.с.) түнеген орнын дәл табуға тырысып, түйесін сол жерге шөктіретін. Ол орын алқап түбіндегі мешіттен төменірек, мешіт пен құбыланың ортасында еді».1

Түсіндірме

التَّحَرِّي» اَلْقَصْدُ وَالِاعْتِمَادُ لِتَحْقِيقِ الْغَرَضِ الْمَطْلُوبِ. وَ« الْمُعَرَّسُ» مَوْضِعُ التَّعْرِيسِ وَهُوَ: نُزُولُ الْمُسَافِرِ آخِرَ اللَّيْلِ نَزْلَةً لِلِاسْتِرَاحَةِ وَالنَّوْمِ.

1. Кей риуаятта Алла елшісі (с.а.с.) түнде тынығып жатқанда келіп, Батханың берекелі мекен екенін білдірген Жәбірейіл (а.с.) екені айтылады. Бұхаридің Ибн Омардан (р.а.) жеткізген риуаятына қарағанда, осы қасиетіне орай Алла елшісі (с.а.с.) Меккеден қайтқанда Батхаға аялдап, намаз оқып, сонда түнейтін. Таңертең жолға шығып, Мәдинаға күндіз кіретін.

«Батха» сөздікте «аңғардың аяғындағы жазық» дегенді білдіреді. Бұл – тасқын су әкелген ұсақ құм жапқан кең жазық. Оны аңғардың аузы деп те атайды. Хадисте айтылған Батха Зул-Хуләйфада орналасқан.

Зул-Хуләйфа – Мәдинадан алты-жеті миль жердегі ауыл әрі мәдиналықтардың миқаты. Қажылыққа бара жатқандар осы жерде ихрамға кіреді. Кейбір хадистерде Зул-Хуләйфа деп аталатын өзге жерлер де кездеседі.

  1. 1Бұхари, Хажж 16, Харс 15, Итисам 16; Мүслим, Хажж 434 (1346); Нәсәи, Хажж 24, (5, 126, 127).