وَعَنْ جَابِرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: غِلَظُ الْقُلُوبِ وَالْجَفَاءُ فِي الْمَشْرِقِ، وَالْإِيمَانُ فِي أَهْلِ الْحِجَازِ». أَخْرَجَهُ مُسْلِمٌ.
Қазақша аудармасы
Әзірет Жәбир (р.а.) жеткізеді: «Алла елшісі (с.а.с.): “Қатігездік пен дөрекілік – шығыста, ал иман Хижаз халқында”, – деді».1
Түсіндірме
Хадистің иманды Хижазбен байланыстыруы тарихи жағдайға сай. Ислам Мекке мен Мәдинада пайда болып, өркендеді. Хижаз дегенде, алдымен осы екі қала ойға оралады. Алла елшісінің (с.а.с.) кей хадистерінде иман Йеменге телінеді, өйткені Йемен де Хижаздың жалғасы. Мұның түсіндірмесі №4627 хадисте беріледі. Ал дөрекілік пен жүрек қаттылығы Шығыста күпірлік пен ширк әлі сақталған руларға қатысты айтылған.
- 1Мүслим, Иман 92, (53).