Хадис

Кутуб ситтә, № 4637

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
705. Әртүрлі амалдардың артықшылығы. Кейбір намаздардың артықшылығы
Нөмірі
№ 4637 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 1
4637
Кутуб ситтә, № 4637 · тараудағы реті: 1Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: الصَّلَوَاتُ الْخَمْسُ، وَالْجُمُعَةُ إِلَى الْجُمُعَةِ، وَرَمَضَانُ إِلَى رَمَضَانَ: كَفَّارَاتٌ لِمَا بَيْنَهُنَّ مَا لَمْ تُغْشَ الْكَبَائِرُ». أَخْرَجَهُ مُسْلِمٌ وَالتِّرْمِذِيُّ.

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) жеткізуінше, Алла елшісі (с.а.с.): «Бес уақыт намаз, бір жұма намазынан келесі жұма намазына дейінгі уақыт, бір Рамазаннан келесі Рамазанға дейінгі уақыт – үлкен күнәлар жасалмаса, арада істелген күнәларды өшіреді», – деді.1

Осы және осыған ұқсас көптеген хадисте дәрет алу, күнделікті парыз намаздарын оқу, жұма намазын өтеу және Рамазан оразасын тұту аралықта істелген кіші күнәларды жуып-шаятыны баяндалады. Осы тұста сұрақ туады: күнделікті намаз арадағы кіші күнәларды күн сайын өшірсе, бір жұмадан келесі жұмаға немесе бір Рамазаннан келесі Рамазанға дейін қандай күнә қалмақ? Мүлде күнә істемейтін адамға бұл хадистің қандай қатысы бар? Нәуәуидің түсіндіруінше, ғалымдар бұған былай жауап берген: аталған амалдардың әрқайсысы күнә істелсе, оған кәффарат болады. Күнә істелмесе, сауабын арттырады, үлкен күнәларының жазасын жеңілдетеді және құлдың Алла алдындағы дәрежесін көтереді.

  1. 1Мүслим, Таһарат 14 (223); Тирмизи, Салат 160 (214).